WorldSkills

Worldskills туралы, біздің жетістігіміз және колледждің мақтаныштары

Worldskills — мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді.

WorldSkills чемпионаттары жылда бір рет ұйымдастырылып өткізіледі, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

Түркістан облысының білім басқармасының 2018 жылғы 24 қазандағы № 283 бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан экономикалық – технологиялық «Мирас» колледжі «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілік орталығы болып бекітілді.

Құзыреттілік орталыққа бекітілген колледждер өз саласы бойынша жан-жақты ізденіп, әдістемелік және шығармашылық – практикалық базасын арттыру мақсатында Кентау қаласындағы №7 колледжбен ынтымақтастықты арттырып және тәжірибе алмасып бірлескен кешенді іс шара жоспары түзіліп, білім басқармасына бекітіуге ұсынылды.

Астана қаласында өткен республикалық кәсіби «WorldSklls 2018» чемпионатында «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша студент Артықов Олжас қатысып, ІІІ орын қола медальге иеленді. 

 

2019 жылғы 15-25 сәуір күндері аралығында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен колледж бітірушілері арасында «WorldSkills Turkistan» облыстық чемпионаты өтті. Чемпионат 33 құзыреттілік бойынша 233 қатысушы мен 233 сарапшылардың қатысуымен өткізілді.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша қатысушылар «Мирас» колледжі  құзыреттіліктер бойынша  4 бірінші дәрежелі диплом, 1 екінші дәрежелі диплом иеленді.

I орын иегерлері:

«Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша Компанец Николай мен Захаренко Никита, «Графикалық дизаин» құзыреттілігі бойынша Понамарев Руслан, «Мектепке дейінгі тәрбие» Аверьянова Александра, «Шаштараз» құзыреттілігі бойынша Герасимова Виктория

IІ орын иегерлері:

«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша Турсынхан Аида Бекболатқызы.  

  


 

 

Негізгі мақсаттары:

  1. Жастарды кәсіптік даярлаудың үздік әлемдік тәжірибелерін анықтау және оларды ҚР техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі-ТжКБ) жүйесіне енгізу;
  2. Қазақстанның ТжКБ жүйесінде инновациялық үдерістерді ынталандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
  3. Оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі әдістемелік көмек арқылы Қазақстанның сараптамалық қауымдастығын дамыту;
  4. Еңбек адамы мәртебесін және техникалық мамандықтардың беделін арттыру.

 

Міндеттер:

  1. 1. Жоғары технологиялық өндірістердің техникалық мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудың үздік әлемдік стандарттарын салыстыру;
  2. Кәсіпорынды қазіргі және болашақ қызметкерлердің біліктілігін, дайындығын, мотивациясын және кәсіби бағдарын бағалаудың қазіргі заманғы стандарттарымен таныстыру;
  3. Қазақстандық мамандарға кәсіби құзыреттіліктердің кең ауқымы бойынша кәсіби стандарттар саласындағы халықаралық деректер базасына қол жеткізу;
  4. Студенттер мен жас өндірушілер арасында кәсіби шеберліктің халықаралық конкурстарына Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;
  5. Халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын жаңарту;
  6. WorldSkills әдістемесін пайдалана отырып, Фирмаішілік кәсіби шеберлік конкурстарының сапасын арттыруды ұйымдастыруға қабілетті кәсіпорындарда сарапшылар мен кураторлар дайындау;
  7. Кәсіптік білім беруде оқытудың сапасын арттыру;
  8. Жастардың шеберлігін арттыру және білім мен дағдыларының шекарасын кеңейту.

 

Күтілетін нәтижелер:

  1. Кадрларды даярлаудың инновациялық нысандарына қолжетімділікті ашу;
  2. Кәсіби біліктілікті және жоғары дағдыларды оқытудың озық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беру;
  3. Кәсіби шеберліктің ұлттық және халықаралық конкурстарына қатысу тәжірибесін кеңейту;
  4. ҚР ТжКБ жүйесін кадрларды кәсіби даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесімен ықпалдастыруға жәрдемдесу;
  5. ҚР ТжКБ жүйесінің мамандарды оқытудың жалпыға танылған әлемдік стандарттарына шығу мүмкіндігін беру.

 

Worldskills жарыстардың ерекшеліктері

Төрешілік: CIS жүйесін пайдалану

Іскерлік бағдарлама, онлайн трансляция

Ағылшын – жарыстың жұмыс тілі

Конкурстық құжаттар жиынтығы: тех.сипаттама, 15-22 сағатқа тапсырмалар, инфрақұрылымдық парақтар және т. б.

Байқауға қатысушы: шектеу - 22 жас

Сарапшы: серіктес, тәлімгер, қазылар алқасының мүшесі

 

ҚАТЫСУШЫ

САРАПШЫ

КӨШБАСШЫ

WSK чемпионаттарының қатысушылары білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері, жас 18-ден 22 жасқа дейінгі жұмысшылар мен мамандар. Әр мамандық бойынша 5 адамнан кем болмауы керек. Қатысушылардың жалпы саны шектелмеген.

Сарапшылар өндіріс шеберлері, белгілі бір құзырет бойынша мамандар болып табылады. Сарапшылар қатысушылардың тәлімгері бола отырып, оларды конкурсқа ұсынады, сондай-ақ басқа қатысушылардың конкурстық тапсырмаларын әзірлеуге, одан кейін бағалауға қатысады.

Көшбасшылар команданы басқарады және WSK чемпионатын өткізу кезінде команданың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Командаға бір ұйымнан барлық қатысушылар кіреді.

 

CIS жүйесін қолдану арқылы бағалау


 

WorldSkills Қозғалысы.

WorldSkills қозғалысы - бұл халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру және танымал ету және әрбір жеке елде де, бүкіл әлемде де кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы үздік әлемдік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды үйлестіру арқылы кәсіби білім беруді дамыту болып табылады.

Чемпионат - бұл көп қырлы оқиға, онда мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің басшылары, өнеркәсіп пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіби шеберлікпен байланысты ең маңызды және өзекті мәселелер талқыланатын орын.

 

 

Жаңалықтар

«Мирас» колледжі мекемесінде Жаңа жыл мерекесіне орай "Кел, төрлет Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында колледжіміздің білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар ...
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Үздіктер шеруі–2023» салтанатты шарасына қатысып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласында кәсіби жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды марапаттады. Жаңа жыл ...
26.12.2023жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастауымен, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында девиантты ...
25.12.2023 жылы «Мирас » колледжі мекемесінде «Кітаптар әлемінде» атты  жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, ...
«Мирас» колледжі мекемесінде колледж президенті Октамов Зафар, өзін-өзі басқару және бақыт фракциясының министрі Тасболат Жамал, экология және еңбек фракциясының министрі Асанхан Айда және қыздар ...
Тәуелсіздік қастерлі ұғым.Бұл күн-сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Қалалық Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  «Sanaly urpaq»  клубтарының слеті Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжінде салтанатты іс-шарамен  ...
Ағымдағы жылдың  12-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ТжКБ департаменттің ұйымдастыруымен  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық ...