Жаңалықтар

«Қаржылық және интернет алаяқтықтың экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын артыру»

28.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қаржылық және интернет алаяқтықтың экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын артыру» тақырыбында флаер таратып, кездесу өткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушылар өздеріне қажетті мәліметті ала алды.

«АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу»

29.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Шымкеннт қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның маманы Жургенбаева Назира, Жастар ресурстық орталығының аутрич NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Қалмырзаева Акжарқын, Алип Арайлым, эпидемиолог-Елшибай Шоканның бірлестігімен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы 2022 жылғы «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Шара барысында  білім алушылар сұрақтарын қойып, жеткілікті мәлімет ала алды.

«Жемқорлық орға жығады» тақырыбында кітап көрмесі

21.11.2022 жылы «Мирас» колледжі кітапханасында Қ-201 тобының білім алушыларымен бірге «Жемқорлық орға жығады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Құқық маманы Алтынай Мамадалиевна мен кітапханашы Гүлшат Ибикеновна білім алушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуді түсіндіріп кетті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бірқатар сұрақтар қойылды, қатысшылар  өз пікірлерін білдіріп, сауалдарына толық жауап алды. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор екендігі жайлы айтылды.

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес фотоконурс

16.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінің кітапханашысы Гүлшат Ибикеновна мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Женисгул Ерболқызының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес фотоконурс өткізілді. Ондағы мақсат білім алушылар қалам ұштарын қиялымен ұштастыра отырып, оқыған шығармасы арқалы кейіпкер бейнесін көзге елестете отырып, шығармашылық жұмысқа баулу болатын. Олардың салған суреттері арқылы шығарманың қызықтырған тұстарын біле аламыз. Оқиға желісі оқырманды қаншалықты қызықтырғаны мен қорғаған сөз мәнеріне қарай білім алушыларға.

«Оқуға құштар колледж» Әзілхан Нұршайықовтың барша кітаптарын таныстыру

16.11.2022 жылы «Мирас» колледж мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес колледж білім алушыларын кітаппен достасуға шақыру мақсатында кітапхана ішінде көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты да осында қазіргі ақпаратты заманда студенттердің кітаптан алары көп, олардың талпыныс күшін  арттыратын да осы кітап екенін түсіндіру, барлық бойымызға қалыптастыратын  қасиеттер осы алпауыт білімнің арқасында екенін ұмыттырмау. Соны елеп-ескере отырып, Әзілхан Нұршайықовтың барша кітаптарын таныстыру жүргізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Білім алушыларға қызықтырған тұстарын айтып, кітаптарын оқу ұсынылды. Соның ішінде сұранысқа ие болған кітаптары «Махаббат қызық мол жылдар» және «Мәңгілік махаббат жыры» атты шығармасы болды.

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау

11.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес колледж кітапханасында Гулшат Ибикеновнаның жетекшілігімен Шерхан Мұртазаның кітап көрмесі ұйымдастырыла отырып, білім алушылар қатарын кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімдерін кеңейте түсті. Бұл көрменің мақсаты  Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Студенттердің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқырмандарымыздың бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

“Жұмыс беруші күні” меморандум

2022 жылдың 15 қараша күні «Мирас» колледжі» мекемесінде  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында өткізілетін  «Жұмыс беруші күні» іс шарасын бүгінде оқу ордасында  12 мамандық бойынша , 24 жұмыс беруші мекеме арасында меморандумға қол қойылды.

Колледждің әлеуметтік серіктестері 12 мамандық бойынша білім алып жатқан студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтиды.

«Жастар арасындағы зорлық-зомбылық, суицид, алкоголизм және нашақорлық, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары

08.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Жастар арасындағы зорлық-зомбылық, суицид, алкоголизм және нашақорлық, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл түсіндірме жұмыстың негізгі мақсаты  әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны жою, бейім адамдармен  жеке профилактикалық  жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған жүйені таныстыру. Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, сондай-ақ сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының  бар екені туралы ақпарат жеткізу болды. Сонымен қатар «Сана сезім әйелдер бастамалық  құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінен Енипеева Э., Сағынбек С. Заңгерлері келіп, өз түсіндірмелерін жүргізіп қайтты. Бұл жобаға қатысқандар: Шымкент ҚПД  Абай аудандық, АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция-майоры Мухина И., полиция подполковнигі Қарабаева Айнұр болды.

«Темекі шегу немесе денсаулық? Таңдау сіздікі!» тақырыбында дөңгелек үстел

04.11.2022 жылы «Мирас» колледж мекемесінде темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері туралы білімді қалыптастыру үшін «Темекі шегу немесе денсаулық? Таңдау сіздікі!» тақырыбында "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясы Октамов Зафардың басқаруымен білім алушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің әдеттен тыс қызығушылығын сараптап, темекі шегу (нашақорлыққа) мүлдем жоламау керектігін түсіндіріп, арнайы лекция оқылды. Білім алушылар арасында сұрақ-жауап жүргізіліп, темекінің зиянды тұстарын атап өтіп, қатысушыларға сауалнамалар жүргізілді.

Білім алушылардың өзін-өзі басқару күні

31.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  Өзін-өзі басқару бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама барысында жоғары курс белсенді білім алушылар қатары, мұғалімдердің орнын алмастырып, сабаққа деген құлшынысын арттырды. Жаңа идеялар мен тың мәліметтер көтере білді. Бір-бірімен ой алмасып, тәжірибе жинақтады. Өздерін болашақ мұғалім ретінде сезінуге бір күндік мүмкіндік берілді.