Жаңалықтар

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

1-наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай қалалық орнатылған азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Осы жоспарға сәйкес, 2023 жылдың 1 наурыз күні сағат 10:00 де дабыл (сирена) ойнатылып, «Мирас» колледжі мекемесінде қызметкерлер мен білім алушыларға жедел түрде қосымша есіктер арқылы сыртқа шығарылып, эвакуациялық жаттығу жүргізілді. Сытқа шыққан соң колледждің АӘД оқытушысы Қуанышов Байлар Отарбаевич төтенше жағдай орын алғанда  қандай инструкция бойынша қауіпсіз жерге шығуы туралы түсіндірме жұмыстарын жасады.

Алғыс айту күні «Қазақ елі-бауырмалдықтың мекені»

01 Наурыз «Алғыс айту» күні-Қазақстандық патриотизмнің, еліміздің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі. Осыған орай, «Мирас» колледжі мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақ елі-бауырмалдықтың мекені» тақырып аясында арнайы құттықтау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында колледждің директоры Нургуль Курбановна сөз сөйлеп, әріптестер мен білім сүйер жастарды құттықтап, алғыс білдірді. Сонымен қатар, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Женисгул Ерболқызы белсенді жастармен бірігіп, барлық топ сағаттарына кіріп, алғыс айтылды. Осы сәтте білім алушыларымыз бір-бірімен қолдан жасалған ашық хаттарын өзара алмасып, мерекелік көңіл-күй сыйласты. Хат арқылы бала өз көзқарасын білдіре алады, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатады және баланың айналасындағы адамдарға ризашылық және бауырмалдық сезімдерін оятуға негіз болады.

Кітапхананың бір күндік тіршілігі

«Мирас» колледжі мекемесі кітапхананың бір күндік тіршілігін таныстыру, кітап оқырманның қолына түскенше қандай дайындықтан өтетіндігін көрсету мақсатында колледжіміздің кітапханаға үнемі үзбей келіп тұратын білім алушылармен бірлесе отырып, келген кітаптарға шолу жасадық. Білім алушылар қызығып, ұқыпты, белсене ат салысты. Кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптарды инвертарлық кітапқа тіркеп, кітапхана мөрі басылды. Келген кітаптарды электронды кітапханамызға тіркеп, алғашқы каптамадан ашылған кітаптарды үздік оқырман деп танылған студенттерге табысталды. «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәкес жастарды кітапқа тарту, көркем әдебиеттерге қызығушылығын арттыру үшін жүргізілген шара керемет дәрежеде өтілді.

«Мен оқыған қызықты кітап» атты әңгімелесу, кітап көрмесі

19.01.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  «Мен оқыған қызықты кітап» атты әңгмелесу, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты білім алушыларды кітапты құрметтеуге, олардың білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыруға баулу. Шара барысында  студенттер өздері оқыған кітаптарға шолу жасап, кітаптың қызықты сәттерін әсерлене айтты. Оның ішінде Қаратаева Сабина «Синбад-мореход» М.А.Салье араб тілінен аударылған кітапты, Құдайберген Алихан Д.Омаровтың «Абайтану» кітабын, Цыбульский Сайдали «Богатые тоже плачут» кітабын, Торехан Әсемай Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» атты повесін  айтып, оқырманды өзіне тарта білді.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа арналған «Ғасыр адам» атты кітап көрме (2)

18.01.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен  «Ғасыр адам» тақырыбында қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы кітап сөресі қойылып, соның ішінде белгілі жазушы  Рафаэл Ниязбектің «Көсем» деп аталатын тарихи романы алға тартылды. Ғұлама ғалым, академик, үш дүркін Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  күреске толы өмір жолдары шынайы суреттелген еңбектер колледж білім алушыларына таныстырылды.

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

2022 жылдың 15 желтоқсанында «Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты мерекелік іс-шара өтілді. Педагогикалық-гуманитарлық бағыттың бөлім меңгеруші Джазибаева Жанат Сериковнаның басшылығымен іс-шара өз деңгейінде өтіліп, онда білім алушыларды патриоттыққа тәрбиелейтін ән-күйлер мен  ұлттық  би орындалды , әнұран айтылып, колледжіміздің директоры Абуева Нургуль Курбановна сөз сөйлеп, барша әріптестерді мерекемен құттықтай отыра, «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатынан жүлделі 1-орын алған студентіміз Құралбай Көркемай мен жетекшісі Удовиченко Татьяна Геннадьевнаны жеңістерімен құттықтап, Құрылтайшының атынан 500 000 тенге сыйақы табыстады.

Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022»

«Мирас» колледжі мекемесі Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022» чемпионатына үш түрлі құзіреттілік бойынша қатысып, 20 өңірден келген бәсекелестерін басып, озып «Шаштараз ісі» бойынша жүлделі 1-ші орын иеленген Құралбай Көркемай Польша мемлекетінде өтетін Халықаралық «Worldskills-2023» чемпионатына жолдама алды. Жастарымызды жүзден жүйрік етіп, өндіріс алаңдарына бәсекеге қабілетті жастар әзірлеген оқытушымыз Удовиченко Татьяна Генадьевнаға алғысымыз көп.

«Біз бірге оқимыз» мәнерлеп оқу сайысы

09.12.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы Женисгул Ерболқызының жетекшілігімен мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Онда сайыс 3 кезеңнен тұрды, білім алушылар патриоттық тақырыпта жатқа өлең оқып, жаңылтпаш оқып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді еске түсіре білді. Осы тақырыптарда кітапханашы Гүлшат Ибикеновна кітап көрмесін қойып, білім алушыларды оқуға одан әрі қызықтыра түсті. Мұндағы мақсат жастарды бәсекеге қабілеттілікке үйрету, ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, студенттерді оқуға тарту.

«Буккроссинг»

08.12.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның жетекшілігімен «Буккроссинг» ұйымдастырылды, яғни білім алушылардың білімге деген құлшынысын арттыру, кітап оқуды насихаттау, бір-бірімен кітап алмасу үшін ашық кітап сөресі қойылды. Мұнда студенттер өз оқыған кітабын сөреге қойып, басқа кітап алып оқи алады, солай сөредегі кітаптар алмасып отырады.

VІІ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

2022 жылдың 6 желтоқсанында басталған Астана қаласындағы VІІ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында өз шеберліктерін көрсетіп, колледжіміздің абыройын асқақтату үшін жолданған білім алушыларымыға сәттілік тілеп, жеңімпаз болуына қолдау білдіреміз.