Жаңалықтар

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні

04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай  мерекелік  концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушыларды патриоттыққа баулу, ардақты ардагерлерімізді құрметтеу, тарихымызды ұмытпай болашаққа жарқын қадам басу  болатын.  Осы мақсатта колледжімізге Махаметов Мырзакадыр Абдукадырович, Айтимбетова Гаухар Әлішқызы, Жүнісбеков Нұрбек Нұсқабекұлы секілді Қазақстан Республикасының құрметті  азаматтары мен ардагерлерді шақырып, білім алушыларымызға  рухани күш жігер мен патриоттық рух  дарыта алдық. «Мирас» колледжі әкімшілігі барша Отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтай отыра, елімізге бақыт, береке, ұзақ ғұмыр тілейді.

«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктант

Мирас колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырманы орындау мақсатында мамыр мерекелері мен "Жеңіс күні" қарсанында жасына қарамастан барлық білім алушылардың қатысуымен 2023 жылы 4 мамырда сағат 11:00-де «Еркін ел ұрпағы»  жалпыұлттық диктант алынды.

Біздің мақтаныштарымыз

28.04.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Worldskills Shymkent-2023» байқауына қатысушы білім алушыларға және оқытушыларға үздіксіз еңбектері мен жемісі үшін марапаттау рәсімі өтілді. Колледж директоры мен құрылтайшының атынан арнайы сыйақы мен  сертификат, алғыс хаттар табысталды. Конкурс жеңімпаздарын құттықтай отыра, алдағы уақытқа табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз!

1-мамыр Қазақстан халықтар достығы күні

28.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 1-мамыр Қазақстан халықтар достығы күніне орай, керемет мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекенің негізгі мақсаты: әртүрлі ұлт өкілдерін шоғырландырып отырған білім ордасындағы білім алушыларды бір-бірімен достастыру, жақын қарым-қатынаста бірлік сақтау болды. Барлық ұлт өкілдері өз өнерлері мен салт-дәстүрлерін таныстырып, қызықты күнге айналдырды. «Мирас» колледжі әкімшілігі сіздерді Халықтар достығы күнімен құттықтай отыра, бірлік, ынтымақтастық, татулық  тілейді!

«Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» дөңгелек үстел

25.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мұндағы негізгі мақсат жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу керектігі, жемқорлыққа итермелеген жағдайда кімге барып жүгіну керектігі туралы, заңдарды қатаң сақтансақ ешқандай мәселе туындамайтындығы туралы айтылды. Білім алушылар ойында жүрген сауалдарын  еркін қойып, бір-бірімен ой бөлісті.

«WORLDSKILLS SHYMKENT 2023»

С 17 -го по 21 апреля в г.Шымкент проходил Региональный чемпионат " WORLDSKILLS SHYMKENT 2023". Где Наш колледж "Мирас" участвовал по следующим компетенциям и заняли ПРИЗОВЫЕ МЕСТА: 

Парикмахерское искусство:

  • Телеуца Евгения Ивановна  - I место;
  • Таштемирова Лейла Камалқызы - II место;
  • Әбделі Данагүл Нұрғалиқызы - III место;

«Жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» профилактикасы

21.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу»   профилактикасы өтті.

Мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг туралы мағлұматтар беру. Зорлық түрлерін талдау арқылы адамның ең басты құндылығы оның бостандығы жайлы және адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғау туралы мәліметтер беру.

Кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу заңдарымен танысты. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жəне жазалау мəселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастылған.

«Туған өлкем» фестивальі

19.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінің Тарих пәні оқытушысы Ахметова Анар Ғабитқызы және бөлім меңгерушісі Джазибаева Жанат Сериковна білім алушыларды облыстық тарихи өлкетану музейіне алып барып, «Туған өлкенің» тарихы мен мәдениетін таныстырды.

Мархаббат Байғұт және оның шығармашылығы жайында дөңгелек үстел

10.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен Мархаббат Байғұт және оның шығармашылығы жайында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты аталған жазушының мерейін асқақтатып жасаған жұмыстарын көтеру, ұрпаққа жеткізу. Мархабаттың сөз қолданысын, тіл өрнектерін, айшықты арнайы ой өрісін жеткізе білетін өнерін балаларға көрсету, үлгі ету. Шара барысында Т-221г тобының білім алушысы Сапарбек Зарина «Жоғалған жұрнақ» әңгімесіннен алған әсерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасына байланысты болғандықтан, кейіпкерлермен жас ерекшеліктері ұқсас болғандықтан осы әңгімесіне қызыққандығын айтады.

Шымкентте «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» халықаралық чемпионаты басталды

Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі басталды.

Кеше Шымкент қаласының Жастар Ресурстық Орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында өтетін дәстүрлі ”WorldSkills Shymkent-2023” чемпионатының ашылу салтанаты атап өтілді. Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында өтетін өңірлік чемпионатқа 18 колледжден 204 студент 45 құзыреттілік бойынша қатысып, бағын сынамақ.