Жаңалықтар

Тілдер мерекесі

05.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты іс-шара өтті. Мақсаты: Білім алушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу!

Білім күні

2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Мирас» колледжі мекемесінде «Білім күніне» арналған . салттанатты жиын өтті. Ұстаздар қауымы білім алушыларды құшақ жая қарсы алды. Білім алушыларға колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна білім алушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді. Іс шараға колледж әкімшілігі өкілдері қатысты.

Диплом табыстау салтанатты іс шара

01.07.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау рәсімі өтілді. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ашып, үздік үлгіде диплом алушы студенттерге диплом табыстады. 

Есірткісіз болашақ

22.06.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде айлық жоспарға сәйкес медбике Жансая Сембековнаның ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» атты наркомания мен алкоголизмнің алдын алу шаралары жүргізілді. Колледж білім алушыларына арнайы дәріс тағайындап келген психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Баймуратова Раушан Асанова, №13 қалалық емхана терапевті Джаймагамбетова Дина Джетысовна, медбике Дуйсенова Лейла Сейтхановна болды.

Студенттік өзін-өзі басқару күні

25.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «өзін-өзі басқару күні» өтті. Яғни білім алушылар мұғалімдік өмірдің тыныс тіршілігімен танысып, бір күндік қызметтерін атқарып көрді. Жоспарға сәйкес Физика, қазақ тілі және әдебиет, химия, Қазақстан тарих т.б. секілді жалпы пәндерден сабақтар өткізілді.

«Мейірім-жүректен» «Мейірімділік-рухани жан байлығы»

19.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен «Мейірім- жүректен»  айлық жоспары және «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы  аясында «Мейірімділік-рухани жан байлығы» атты кітап көрмесімен қатар әдеби кеш өткізді. Кештің негізгі мақсаты білім алушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу шеберліктерін арттыру, студенттерді қайырымдылыққа, мейірімділікке тарту болатын. Осы ретте Гүлшат Ибикеновна жылдық қорытынды жасап, кітапханаға жиі келушіге  «Ең үздік оқырман» марапатын сыйлады.

«Оқуға құштар колледж»

«Мирас» колледжі мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында жоспарға сәйкес кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен ақын, жазушы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевқа арнап дөңгелек үстел жүргізілді. Мақсаты: Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой - санасының қалыптасуына ықпал ету болатын. Білім алушыларымыз сабақтан тыс бұл шарадан көптеген мағлұматтар алып, ой бөлісіп, жаңа ақпараттарға қанық болды.

«Мейірім-жүректен» Прокурорлық сағат

16.05.2023 жылы Шымкент қаласының прокуратурасы қалалық білім басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырған «Мейірім-жүректен» қалалық айлығының жоспарына сәйкес «Прокурорлық сағат» жүргізілді. Осыған сәйкес «Мирас» колледжі мекемесінің білім алушылары аталған құқықтық профилактикалық онлайн кездесуге қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың  құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды.

«Мейірім-жүректен» акциясы

12.05.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Мейірім-жүректен» акциясы аясында ұйымдастырлған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 13-ші емхананың терапевт мамандары  Джаймагамбетова Дина Джетисовна мен медбике Лайла Сейтхановна Дуйсеновамен кездесу өтілді.  Кездесу барысында медбикелер студенттер арасында жақсы ахуал қалыптастырып, байланыс орнатты. Білім алушылар емін-еркін сұрақтарын қойып, жақсы көңіл-күйде қайтты.

Галстуксыз бір сағат» тақырыбында еркін форматта ардагерлермен кездесу

04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  «Мейірім-жүректе» акциясы аясында «Галстуксыз бір сағат» тақырыбында еркін форматта  ардагерлермен кездесу өткізілді.  Шара барысында білім алушылар  көкейлерінде жүрген сұрақтар қойып емін-еркін ардақты азаматтармен сұхбаттаса алды. Еліміздің бетке тұтар тұлғалары қонақта болып, өздерінің қызықты әрі тарихи оқиғаларын баян етіп берді. Студенттер ардагерлердің әңгімесінен жігерленіп қайтты.