Жаңалықтар

Республикалық форум

22.09.2023жылы «Мирас» колледжінің білім алушылары Жастар ресурстық орталығының және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігімен бірлесе отырып, өткізілетін «Деструктивті діни ағымдардың іс –әрекеттерінен сақтандыру» атты республикалық форумына қатысып , діни сауаттылығын арттырып ,қосымша ақпараттар алды.

Адалдық сағаты

22.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Отаншылдыққа, патриотизмге, сондай-ақ адамгершілікке баулу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жас буынның бойына сіңіру, Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында,  адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында  1-4 курс студенттерімен адалдық сағаттары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық пен құндылықтарды қалыптастыру.

Ата-аналар жиналысы

20.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, барлық білім алушылардың ата-аналарына колледждің ішкі  және сыртқы тәртібі мен оқу жүйесі таныстырылды. Келген ата-аналармен  колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна  танысып,жаңа оқу жылымен құттықтап, біршама сұрақтарға жауап берді.

«Заң және жаза» тақырыбында жастар арасында кездесу

19.09 2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және жаза» тақырыбында жастар арасында кездесу өтті.Кездесуге Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Қанаев Берік Қожабайұлы қатысып, жастарға түнгі уақытта 22:00 ден кейін рейдтік жұмыстар жүргізілетіні туралы ескертіп, көшеге шықпау және электронды темекі, буллинг, кибербуулинг бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара соңында білім алушылар түсінбеген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу мақсаты : жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Киелі Табиғат» республикалық сенбілік

16.09.2023жылы «Мирас »колледжі мекемесінің білім алушылары Жастар ресурстық орталығымен «Киелі Табиғат» республикалық сенбілігіне қатысып, Абдель- Азиз баб, Ибрагим – ата кесенесі , Қожа Салих кесенесі, Қарашаш ана кесенесі және Қызыр мұнарасымен таныстырылды.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында кездесу

15.09.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Auezov Jastary»  Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуде білім алушылар өздерінің  сауалдарға жауап ала алды. Қала жастары арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттардың алдын алу мақсатында колледж ішіне «Сенім жәшігі» орнатылды.

«Дене сергіту» челленджі

08.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Тоғыз айдағы 9 іс-шара» Тұжырымдамасы негізінде «Дене сергіту» челленджі өтті.

Челлендждің мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру.

 

«Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбындағы кездесу

08.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау бөлімінің басшысы Сұлтан Ақерке Өскенбайқызы және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы,Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Кыпшакбаев Рауан Мухитулымен бірлесе отырып, қала аумағындағы орта оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе отыра, дінге қатысты ойларында жүрген барлық сауалдарға жауап ала алды.

Жастар Ресурстық Орталығы КММ-мен өзара серіктестік

07.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі Жастар Ресурстық Орталығы КММ-мен өзара серіктестік туралы жоспарға қол қойды. Мақсаты: Бірлескен жоспарды іске асыру және білім алушылардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсыну жолында жұмыстар жүргізу.

Тілім менің тірегім!

06.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Тілдер мерекесіне орай «Тілім менің тірегім!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды .

Мақсаты: Жастарға ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Тіл мәдениетін сақтау, мәдениетті сөйлеуге бағыттау.Көрмеге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Құқықтану» мамандықтарының білім алушылары қатысты.