Жаңалықтар

Нашақорлық – қоғам дерті!

Мақсаты: Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, барлығымыз салауатты өмір салтын қалыптастырайық!

Алғыс хат

"Мұғалімдер күні» – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке.  5 қазан- ұлағатты ұстаздар күніне орай  «Мирас» колледжі мекемесінің ұжымын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектаевич арнайы Алғыс хатымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осы орайда колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна және өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтады.

Халыкаралык білімкөрмесі

03.10.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінің студенттері Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігі қолдауымен, «Ali Group» білім және мәдениет, медиа компаниясынын ұйымдастыруымен, «Bilim» ЖШС бастамасымен өткізілген «International Educational Fair 2023» Халыкаралык білімкөрмесіне қатысып әлемнің 60-тан астам  елінің оқу орындарымен танысты.

Адалдық сағаты

29.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі.  Адалдық сағаты.  Отаншылдыққа, патриотизмге, сондай-ақ адамгершілікке баулу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жас буынның бойына сіңіру,  студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында,  адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Отбасы құндылықтары- ұлт құндылығы» тақырыбында  1-4 курс студенттерімен адалдық сағаттары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық пен құндылықтарды қалыптастыру.

Дөңгелек үстел

28.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Алтайдың асқақ жыршысы - Оралхан Бөкей» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты : Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейте отырып, «Тортай мінер ақ боз ат»  әңгімесінің мазмұны мен тәрбиелік мәнін білім алушыларға бірлесе отырып ашу. Білім алушылардың өз ой пікірлерін жүйелі жеткізе білуге баули отырып,шығармашылық ізденушілік қабілеттерін дамыту.

  • Өткізуші : кітапханашы Торебекова Гүлшат Ибикеновна
  • Қатысушылар: ББ-231-1( г) тобының студенттері

Халықаралық туризм күні

Бүгін 27-ші қыркүйек Халықаралық туризм күні. Колледжімізде осы мерекеге орай қала ішінде екі қабатты “Қызыл автобуспен” экскурсия ұйымдастырылды. Туризм мамандығында оқитын 50-ден аса студентіміз қызықты серуеннің куәсі болды!

”Жаңа кітаптар” – кітап көрмесі

Мақсаты: білім алушылардың кітап, оның  шығу  және  қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық  білімдерін әрі  қарай  толықтыру,кітапты  ұқыпты  ұстау  және  кітап  оқуғадеген  қызығушылықтарын  арттыру.

Жаңа кітаптарды шолу барысында кітапханашы Торебекова Г.И білім алушыларды кітапхананың қорына түскен жаңа“Шаштараз өнері” мамандықтарына арналған қазақ тіліндегі кітаптармен таныстырды. Көрмеге “Шаштараз өнері” тобының білім алушылары қатысты.

Ерте жүктіліктің алдын алу

25.09.2023жылы «Мирас» колледж  мекемесінде «Ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы, жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында №77 клиникасының гинеколог - дәрігері Тастанова Раушан Сериковна қыздар қауымының сұрақтарына жауап беріп, ақпараттармен бөлісті.

Колледж Президентінің сайлауы

25.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттер арасында колледж Президентінің сайлауы өтті. Үміткерлердің сапалы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге  уақыты жеткілікті болды. Колледж директоры Абуева Нургуль  Курбановна президентті ресми түрде жариялады.

Онлайн дауыс беру нәтижесінде 56,8% Октамов Зафар Айбекұлы жеңді.

Cеминар «Воспитание девочек - воспитание нации!»

25.09.2023 жылы «Мирас» колледж мекемесінде «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.

Жиналысқа Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің орынбасары Бердіходжаева Сәуле – Аналар кеңесінің төрайымы!Тоғжан Берікқызы – Мирас колледжінің студенті. (Пікір білдірген)  Құрманбекова Шарапат- Тұран ауданы, Отырар ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз!Бақбаева Гүлбахрам- Қазығұрт шағын ауданы Ардагерлер жанынан құрылған «Асыл әжелер» тобының төрайымы. Қолдасова Тоқсұлу - «Асыл әжелер» тобының мүшесі. Қосмамбетова Арысгүл « Ақ халатты абзал жан» қазір зейнеткер жасында . «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы.  Айымбетова Ғалия – «Асыл әжелер» тобының мүшесі. Абай ауданы жастармен жұмысы  жүргізу бөлімінің басшысы –Құдайберген Гүлбибі .