Әскери кафедра

Мамандықтар: Құрылықтағы Әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру / Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру (олардыәріқарай «запастағы лейтенант» әскери шенін беруге аттестаттай отырып)

Студенттерді әскери кафедраның мамандықтары бойыншы әскери даярлаудың мақсаты ҚР Қарулы Күштеріне моралдық тұрғыда тұрақты, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияларды сақтай білетін, биік идеялық-адамгершілік қасиеттерді, сондай-ақ тиісті лауазымдарда қызмет міндеттерін сәтті орындауға қажетті білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды иеленген запастағы офицерлерді даярлау болып табылады. 

Студенттермен оқу сабақтарын қызмет етіп жүрген офицерлер мен запастағы офицерлер қатарынан жоғары білікті профессорлар-оқытушылар құрамы жүргізеді. 

Әскери кафедраға студенттерді қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігі белгілеген мемлекеттік тапсырыс аясында конкурстық негізде жүргізіледі.

 

Кафедра меңгерушісі: полковник Айтов А.С.

 

Кафедраның зертхана қоры

Студенттермен оқу сабақтарын өткізу үшін әскери кафедрада әскери даярлықтың барлық оқу пәндері бойынша жабдықталған кабинеттер бар: компьютер сыныбы, интерактивтік жабдықтары бар сынып, тактикалық алаң, әскери плац, атыс қалашығы, парк (2 бірлік ЖЖМ арнап жабдықталған гараж), нысаналар мен жағдайдың лазерлік имитаторын компьютермен басқаратын шағын жалпыәскери имитациялық жиынтық (МОКИ-2007) бар ұрысты басқару сыныбы, лазерлік-атыс кешені, атыс қаруының жеткілікті көлемі.

 

 

Үйірмелер, жобалар, студ. қызметі

Жастарға педагогикалық тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлігі әскери кафедраның жастарды мемлекеттік қызметтің айрықша түрі ретінде әскери қызметке даярлығын қалыптастыруға бағытталуы болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие әр азаматтың тәуелсіз Қазақстанға қызмет етудегі өз орны мен рөлін, алда тұрған әскери қызметтің талаптарын орындауға жоғары жеке жауапкершілікті, әскери борышты атқару үшін қасиеттер мен дағдылар қалыптастыру қажеттігіне сенімді терең түсінуіне бағытталған.

Әскери кафедраның базасында әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы құрылған. Жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернационалист жауынгерлермен, ҚР ҚК ардагерлерімен және сарбаздарымен кездесулер өткізіледі.

Әскери кафедраның студенттері қалада өткізілетін түрлі әскери-патриоттық шараларға тұрақты қатысады

 

 

 

 

Жаңалықтар

Access бағдарламасының студенттері 20-22 маусым аралығында жазғы лагерін «Мирас» университетінің базасында өткізді. Жазғы лагер қала сыртында болмағанына қарамастан студенттер өз уақыттарын қызықты ...
2018 ж. 11 мамыр күні  «Мирас» университеті «Бухгалтерлер ассоциациясы» кәсіби ұйымымен бірлесе отырып Бухгалтерлік есеп бойынша і қалалық жоо-аралық олимпиада өткізді.
26-ші ақпанда Туркестан қаласындағы  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыпта жастар форумы өтті. Осы форумға «Мирас» университетінен президент кеңесшісі, ф.ғ.к. Османова ...
Қамқоршылар кеңесін құру туралы және оның құрамында қатысу бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды. Өтініштерді жергілікті өкілетті органдардың; атқарушы және құқыққорғау органдарының ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ «EЛБАСЫ» Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда, конгрестерде жас ғалымдар мен университет ...
Өзіңді үздік спикер ретінде ТEDx форматындағы “MirasTalks” конференциясына қатысуға шақырамыз. Ғылымға, білімге, бизнеске байланысты өз идеяңды өзгелермен бөліс те, “Best Speaker” немесе “Best ...
Құрметті мектеп түлектері мен олардың ата-аналары! Курс Иляева,3 көшесіндегi «Мирас» университетінің ғимаратында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 8 708 254 87 03 нөмеріне хабарласыңыз
Құрметті жұмыс берушілер!Жақсы қызметкерлерді іздейсіздерме? Оларды бізден таба аласыз!base.miras.edu.kz/cvbank/main сілтеме бойынша өтіп, бос орындарыңызды қалдырыңыз!