Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Oқытушы, магистр Көшкінбаев С.Ж. жетекшілігімен  РЭТ-611к-2 және РЭТ-611к-4 тобының студенттері Сейтен Нұрғиса мен Өмірзақов Бақытжаннан құралған Мирас университетінің командасы 29 наурызда Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша өткен ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 орын алды. Гумилев атындағы Еуразия халықаралық университетін және Қарағанды мемлекеттік университетін алға жіберіп, 15-тен астам ҚР мемлекеттік университеттерінің командаларынан озып шықты.