Ғасыр байланысы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мирас университеті Қазақстан Республикасы бойынша Instagram желісін пайдаланушылар арасында ауқымды онлайн фото және бейне байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

«ҒАСЫР БАЙЛАНЫСЫ»
ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 300 000 ТГ


Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Байқау конкурс тақырыбы бойынша бейнесюжет (5 минуттан артық емес) немесе фото жұмыстар түрінде орындалған жұмыстар арасында өткізіледі.
  • Қазақстан халқының  салт-дәстүрлерін, олардың ХХІ ғасырдағы орнын жария ету бойынша ең үздік бейне және фото жұмыстарды анықтау;
  • Қазақстан жастарының шығармашылық ұмтылыстарын қолдау;
  • Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі туризмді дамыту және ілгерілету саласындағы неғұрлым қызықты және перспективалы жобаларды анықтау;
  • Туған елдің сұлулығын көрсету, патриоттық тәрбие;


Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі:

  • кәсіби қазылар алқасының пікірі бойынша үздік бейнеролик;
  • кәсіби қазылар алқасының пікірі бойынша үздік фото жұмыс;
  • көрермен дауыс беру нәтижесі бойынша үздік бейнеролик;
  • көрермен дауыс беру нәтижесі бойынша үздік фото жұмыс;

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең: 2019 жылдың 1 наурызынан бастап 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін-іріктеу кезеңі
Байқаудың іріктеу кезеңіне қатысу үшін 2019 жылдың 1 наурызы мен 2019 жылдың 1 сәуірі аралығында өз инстаграмыңыздың әлеуметтік желісінде жұмысты жариялау қажет. Салынған жұмыстың астында міндетті түрде #салтдәстүрkz  "Мен Мирас университетінен байқауға қатысамын", "мен Қазақстанды жақсы көремін" және #РуханиЖанғыру және #ЖастарЖылы хэштегтері болуы қажет xэштегтері болуы қажет.

2 кезең: 2019 жылғы 2-26 сәуір аралығында-ақтық кезең. Байқау финалистерінің жалпы саны барлық номинациялар бойынша 50 жұмыс. Финалисттерді байқаудың ұйымдастырушысы ,қазылар алқалары және Instagram жазылушылары анықтайды.
Көрермендер дауыс беру үшін ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын Инстаграмм - @miraseducation әлеуметтік желісіне жүктейді.



Байқау нәтижесі бойынша көрермен дауыс беру нәтижесі бойынша 2 жеңімпаз және кәсіби қазылар алқасының пікірі бойынша 2 жеңімпаз анықталады (бейнероликтер мен фото жұмыстар арасында)


Ең көп дауыс жинаған қатысушылар көрермен көзайымы жүлдесінің иегерлері атанады

  • Үздік фотожұмыс 100 000 т.
  • Үздік бейне жұмыс 100 000 т.

Кәсіби қазылар алқасының пікірі бойынша үздік бейнеролик пен үздік фото жұмыстарды анықтау қазылар алқасының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру негізінде жүзеге асырылады.

  • Үздік фото жұмыс 50 000 т.
  • Үздік бейне жұмыс 50 000 т.

Марапаттау рәсімі 2019 жылы 26 сәуірде Шымкент қаласында өтеді. Жеңімпаздар тізімі Instagram әлеуметтік желісінде жүктелетін болады!!!