Жазғы лагерь Access

Access бағдарламасының студенттері 20-22 маусым аралығында жазғы лагерін «Мирас» университетінің базасында өткізді. Жазғы лагер қала сыртында болмағанына қарамастан студенттер өз уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алды. Алғашқы күнін, Кэнди Чанг ханымның «Мен өмірден кеткенше ...» атты TED talk форматында жасаған презентациясын тамашалады. Студенттер Кэнди Чанг бастаған жобасының салдарын ортаға салып, түрлі халықтардың тілектері мен жалпы адам құндылықтарына анализ жасады. Ең қызықтысы, бұл жоба біздің елімізде Астана қаласында да өткен болатын. Соңында «Access бағдарламасы біткен соң мен...» деген ойға өздерінің пікірлерімен түйіндеді. Пікірлерді жинақтау барысында студенттердің түрлі армандары мен жоспарларын біле алдық. Олар жәй «...мен жақсылап ұйықтап аламын» дегеннен басталып «...Нью Йорк қаласында жұмыс істеймін» сияқты ойларымен аяқталды. Лагердің екінші күнінде бағдарлама студенттері «Басқа Жол» атты жобаның мүшесі Тимур Мирзахмедовпен спорт алаңында кездесу өткізді. Тимур балаларға стрит уоркауттың Шымкент қаласында пайда болу тарихын айтып, дұрыс жаттығу ережелерін және дұрыс тамақтануды  түсіндірді. Кездесу барысында Қарағанды қаласындағы мектепте волонтер болып жұмыс жасаған Джордан Бэкке түрлі терминдер мен дене мүшелерін ағылшын тілінде түсіндіріп отырды.

Ал лагердің соңғы күнін студенттер Paint Ball алаңында Джордан Бэккемен өткізді. Ойындар «Мирас» университетінің жастар комитетінің көмегімен ұйымдастырылды. Күндерін партада өткізетін балаларға алғашқыда ойындар қиынға түсті. Бірақ  Влад және Серік атты нұсқаушылардың көмегі зор болды. Сонымен қатар Джорданмен бірге ағылшын тілінде студенттер түрлі тактикаларын ойластырып, ойындарын жүргізе алды. Access бағдарламасының жазғы лагері есте қаларлықтай қызық өтті.

 

 



 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...