Бухгалтерлік есеп бойынша I қалалық жоо-аралық олимпиада өткізді

2018 ж. 11 мамыр күні  «Мирас» университеті «Бухгалтерлер ассоциациясы» кәсіби ұйымымен бірлесе отырып Бухгалтерлік есеп бойынша і қалалық жоо-аралық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты:

  • білім алушылардың таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру;
  • білім алушылардың заманауи экономикалық ойларын дамыту;
  • аса қабілетті студенттерді анықтау және оларды ғылыми, тәжірибелік жұмыстарға тарту;
  • ЖОО арасында өзара байланыстарды дамыту;
  • пәндерді оқыту әдістері мен мазмұнын жетілдіру бойынша ЖОО оқытушылары арасында тәжірибе алмасу.

Олимпиада бір турда өткізілді. Тур екі бөлімде өткізілді.

Бірінші бөлім: тесттерді шешу (бухгалтерлік есеп теориясы, қаржылық есеп және есептілік, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі бойынша 30 сұрақ).

Екінші бөлім: үш есеп шығару.

Конкурстық тапсырмалар келесі тақырыптар бойынша құрастырылады:

  • активтердің есебі;
  • міндеттемелер мен капитал есебі;
  • табыстар мен шығындардың есебі;
  • қаржылық есептілік.

Олимпиадаға Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты («Мирас» университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ХГТУ, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, АӘИУ, ОҚПУ). «Мирас» университетінен қатысқан «Баланс» және «Умники-разумники» командалары жеңімпаз атанып, 2 және 3 жалпыкомандалық орындарды иеленді.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Жаңа табыстар, жаңа жеңістер тілейміз!

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...