«Көшбасшылық дағдыларды дамыту» жастар форумы

26-ші ақпанда Туркестан қаласындағы  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыпта жастар форумы өтті. Осы форумға «Мирас» университетінен президент кеңесшісі, ф.ғ.к. Османова Р.А., х.ғ.к., профессор  Жаналиева Р.Н., аға оқытушы Байгушова А.Н. және 40-қа жуық студенттер қатысты.  Одан басқа, Шымкент қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебі», М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПИ, Кентау қаласының «Дарын» мектебінің өкілдері қатысты. «Global Shapers Community — Қазақстан», «AIESEC Kazakhstan», «Y-PEER Kazakhstan» секілді Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының лидерлері форум спикерлері ретінде қатысты.

 

Форум қатысушылары күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылады. Көшбасшы жастар «Мансапқа қалай жете аламыз?», «Шетелде мемлекет имиджін қалыптастырудағы жас көшбасшылардың рөлі», «Жастарға үздік көшбасшы болуға не кедергі келтіреді?», «Осындай жастар ұйымдарының мүшесі қалай бола аламын?», «Жастар және Тұрақты даму мақсаттары: ТДМ-на жетудегі жастардың рөлі», «Сұхбаттасуды жемісті өткізудің жолдары», «Резюме жазу және көпшілік алдында сөйлеу», «Шетелде алынған тәжірибенің жастар болашағына қосар үлесі», «Жастар және көшбасшылық. Көшбасшылық дағдыларды қалай дамыта аламыз?», «Жастар және еріктілер қозғалысы; ұлттық және жаhандық дәрежедегі волонтерлік қозғалыстар», «Тимбилдинг және «тең-теңіне» қағидаты бойынша білім беру: Қазақстандағы «тең-теңіне» білім беру» секілді тақырыптарды қозғады.      

Студенттер  осы форумнан өте жақсы әсер алып, көшбасшылық дағдылары мен құзреттіліктерін арттырды.