ОӘК-ПОӘК

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі оқу және оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ университеттегі оқу процесін жетілдіру мәселелеріне жетекшілік ету (оқу процесін оқу-әдістемелік қамсыздандыру сапасын мониторингтеу, оқу, оқу-әдістемелік әдебиетті, құралдарды және университетте басып шығарылатын басқа материалдарды басып шығару туралы ұсынымдар, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру, білім беру қызметіне жаңа технологияларды енгізу және т.т. жөніндегі озық тәжірибені қорыту және тарату) мақсатында құрылған кеңесші орган болып табылады,.

ОӘК сондай-ақ жоо-лардың білім беру және әдістемелік жұмыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге, оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысады.

ОӘК өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, университет Жарғысын және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен (ПОӘК) нақты курстың тұжырымдамасын айқындайтын құжаттардың жиынтығын білдіреді.

ПОӘК әзірлеу және пайдалану Составление и использование УМКД направлено на:

  • білім беру бағдарламасының пәнаралық логикалық байланыстарын іске асыруға;
  • оқу уақытын оқу сабақтарының тақырыбы мен түрлеріне бөлуге;
  • студенттердің аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта өзіндік жұмысын ұйымдастыруға;
  • студенттердің танымдық және шығармашылық қызметін жандандыруға;
  • оқу және зерттеу процестерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталады.

Курс бойынша ПОӘК өзіне мыналарды қамтиды:

  1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (міндетті құрамдас пәндері үшін), элективтік пәннің оқу бағдарлаамсы (элективтік пәндер үшін);
  2. Оқытушыларға арналған жұмыс оқу бағдарламасы;
  3. Студенттерге арналған пән бағдарламасы (Syllabus);
  4. Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандандырылу картасы;
  5. Дәрістер конспекті;
  6. Практикалық сабақтарға (семинар, зертханалық) сабақтарға қосымша әдістемелік нұсқаулар;
  7. СӨЖ (МӨЖ) және СРСП (СРМП) жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар;
  8. Пәнді зерделеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
  9. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (емтихан билеттері, тестілеу сұрақтары);
  10. Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізбесі.
  11. ҒЗЖ ендіру актілері (бар болған жағдайда).

Университеттің сапа саласындағы саясатын іске асыру үшін ПОӘК материалдары тұрақты жаңартылып отырады. Пәндердің көптігіне қарай ПОӘК құрамдастарын білім алушылардың студент порталынан электрондық түрде алуына болады.