«Рухани Жаңғыру» Бағдарламасы

Мирас университетіне тәрбиелеу негіздері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинованың  2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы бұйрығына сәйкес бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негізінде құрылады.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің контенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде олар жіктеліп берілді және соған сәйкес, тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен педагогикалық процесті ұйымдастырудың алуан түрін, барлық заманауи тәрбие кеңістігін жаңғыртудан, адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтар шеңберін кеңейтуден, жас қазақстандықтарды тәрбиелеу практикасындағы мектептің, отбасының, мемлекет пен қоғамның тұтас тәсілдемесінен тұрады.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралады.

Әлемдік факторлар ұлттық құндылықтардың терең тәрбиелік мәдени әлеуетін қалыптастыруға қайта бағытталу, адамзаттың рухани-адамгершілік мұраларының императивтерін күшейту қажеттілігін тудырады. 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру жүйесінің, әсіресе, мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім берудің барлық көпқырлылық процесін жетілдіруге, тәрбиелеу мақсаттарына жетудің жоғары өнімділігіне отбасы мен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру және оларды белсенді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзектілендірілген сұранысына негізделеді. 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері адамгершілігі жоғары, білімді, Төртінші өнеркәсіптік революцияның қазіргі заманғы әлеміне табысты бейімделуі үшін жаңа технологиялық құрылысқа бағытталған бәсекеге қабілетті адами капитал даярлауға негізделген жаңартылған мазмұндағы мектептік білім беруге кезең-кезеңмен көшудің мақсатты нұсқауларына, қағидаттары мен міндеттеріне сүйенеді. Дәл осы аспектіде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруды, оқыту мен тәрбиені, оқыту мен тәрбие кеңістігін неғұрлым сапалы, әрі тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін технологияның, тәрбиелеу әдістемелерінің жаңа білім беру қағидаттары жетілдірілді. Тәрбие, оқу, білім беру және ақпараттық қызметтік құзыреттілікті қалыптастыруда шектелген пәндік өнімдік қызметпен сәйкес келуі керек.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы; тірек месседжилер; алға қойылған тәрбие мақсаттарына жету деңгейлерін өлшеуге арналған критериалды аппарат, мониторинг әдістері; кешенді ресурстық қамтамасыз ету; оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер; терминдер мен анықтамаларға негізделетін мақсаттар мен міндеттер; тәсілдер мен қағидаттар енеді.

 

Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінің нормативтік базасын мыналар құрайды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен);
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» №518-ІҮ2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (02.07.2018 ж. берілген өзгерістермен және толықтырулармен);
  • «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (24.05.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 483-ІҮ Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен);
  • Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы (Астана қ., 12 сәуір 2017 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамыту. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл»;
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы (Астана қаласы 21 қараша 2018 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен мақұлданған. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері және тетіктер

Мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында балалар мен жастарды тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы аясында;
  2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберінде білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, ізгілендіру, компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін, тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  3. Білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету;
  4. Заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
  5. Балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту.

Нысаны: еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асырудың негізгі тетіктері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбие процесінің, әлеуметтін әріптестіктің, құқықтық, ұйымдастырушылық-басшылық, ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

 

Жаңалықтар

2019 ж.14 маусымда OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS көрмесінің ашылуы, British Council коллекциясынан және Lux халықаралық арт-агенттігінен заманауи Британдық суретшілердің медиа-артының жаңа ...
3 мамыр 2019 жылы Мирас университетінде профессор, саяси философ, американдық Jonathan Mahoney қонақ дәрісін өтті. Кездесу барысында Jonathan Mahoney алғаш рет болған Шымкент қаласы туралы өз ...
25-26 сәуірде Мирас университетінде студент жастарға арналған "Мәжіліс моделі" атты ойын өтті. Ойын қатысушыларға Парламент депутаттарының рөлін үлгі етіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын ...
15.04.2019 ж. Қазақстандағы Француз Альянсының қолдауымен, Шымкент Француз Альянсының ұйымдастыруымен драмалық қойылым сайысы болып өтті. «Мирас» университеті студенттері Якоб Гриммнің  «La ...
"Ана үйі" қоғамдық қайырымдылық қоры өз жұмысын 2013 жылдың мамыр айында бастады. Жобаның негізгі мақсаты-әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, яғни әрбір жаңа туған бала өзінің анасымен қатар болуы және ...
30 наурызда «Мирас» университетінің студенттері Түркістан облысының орталық А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының Шетел әдебиеті кафедрасының бастамасымен, Шымкент қаласындағы Американдық ...
Oқытушы, магистр Көшкінбаев С.Ж. жетекшілігімен  РЭТ-611к-2 және РЭТ-611к-4 тобының студенттері Сейтен Нұрғиса мен Өмірзақов Бақытжаннан құралған Мирас университетінің командасы 29 наурызда Алматы ...
АЛҒАШҚЫ РЕТ біздің қаламызда.Мирас университеті Робототехника курсын іске қосты - Arduino UNO интегралдық төлем негізінде электроника және робототехника негіздерін оқыту. Курс аясында тыңдаушылар ...