ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Университет өзекті және қажетті ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін жоғары ғылыми кадрлық әлеуетке және заманауи материалдық-техникалық базаға ие. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы бағыты ғылыми жетістіктерге және озық технологияларға және оларды талдау жүйелеріне негізделген.

Университеттің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің 2016-2020 жылдарға арналған ҒЗЖ перспективалық жоспары әзірленген  (Ғылыми кеңестің отырысында бекітілген, 29.01.2016 ж. № 6 Хаттама). Оны әзірлеген кезде Мирас университетінің миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестік есепке алынды.

Университет қызметінің маңызды және ажырамас бөлігі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады, оған тек университет оқытушылары ғана емес, сондай-ақ студенттер мен магистранттар да тартылған. 

Қазіргі кезде Мирас университетінде «Жаңа Қазақстан: Жаңа индустрияландыру және  экономикалық, саяси-құқықтық және технологиялық процестерді жаңғырту» тақырыбына сәйкес ПОҚ мынадай тақырыптар бойынша жұмыс жүргізуде:

  • «ҚР кәсіпорындарында есепке алу-есептік, талдамалық-аудиторлық үдерістерді жетілдіру» іргелі ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00123.
  • «ҚР қаржы жүйесі қызметінің саналуан аспектілері» іргелі ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00122.
  • «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оны жетілдіру тетігін әзірлеу» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00115.
  • «Қазақстан Республикасында егемен мемлекетті қалыптастырудың тарихи үдерістері» іргелі ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00114.
  • «Ақпараттық технологиялардың және оларды өндірістің, ғылымның, техника мен білім беру міндеттерін шешуге қолданудың өзекті проблемалары» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00110.
  • «Құқық қорғау органдары мен сот жүйесін реформалаудың тиімділігі» іргелі ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00113.

 «Қазіргі заманғы қоғам жағдайында білім беру саласын дамыту және оны жаңғырту» тақырыбына сәйкес мынадай бағыттар анықталды:

  • «Инновациялық орта жағдайында жоғары оқу орнында психологтар мен педагогтарды даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00154.
  • «Көптілділікті және аудармашылық істі оқытудың заманауи технологиялары» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00124.
  • «Стильдік бағыттардың саналуандығындағы дизайнның арт-қызметі» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00111.
  • «Отандық лигниндік таттану түрлендіргіштерін  (ЛТТ) алу технологиясын әзірлеу» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0116РК00112.
  • «ОҚО-да қой шаруашылығы әлеуетін дамыту: бәсекеге қабілеттілік, коммерциялау және іс жүзінде қолдану» қолданбалы ҒЗИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0115РК00947.

Ғылыми зерттеулерді оқу процесіне тарту оқытушылардың қажетті кәсіби деңгейін қолдаудың, болашақ мамандардың біліктілігін арттырудың және кәсіби құзіреттерді қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады.

Мирас университетінің қызметіндегі жетекші бағыт ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Міндетті ҒЗИ-ға әдетте, барлық штаттық оқытушылар қатысуы тиіс.

Мирас университетінде оқытушылардың ғылыми қызметі нәтижелілігінің ең аз көрсеткіштерінің нормативі белгіленді («Мирас университетінің профессорлар-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысын іске асыру туралы» Ереже (Ғылыми кеңестің отырысында бекітілді, 24.04.2015ж. №9 Хаттама)

Мирас университетінің ҒЗИ орындаушыларының тізіміне шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы бұрыннан бар келісімдер мен шарттардың қатысушылары енгізілген. Мәселен:

  • Бішкек қаржы-экономикалық академиясы, 7.07.2015ж.,
  • Т.Н. Кары-Ниязов атындағы Өзбек педагогикалық ҒЗИ, 7.04.2015ж.,
  • Ташкент ақпараттық технологиялар университеті, Өзбекстан Республикасы, 16.04.2015ж. 
  • «НОВА Қазіргі заманғы Бизнес-академиясы» ЖШҚ (НОВА ҚЗБА), Новосібір, РФ, 05.04.2011 ж.
  • ӨзР ҒА «Алгоритм-инжиниринг» ҒЗИ, Ташкент, Өзбекстан, 02.09.2011 ж.
  • НОУ ВПО МКҚИ Мәскеу кешенді қауіпсіздік институты, Мәскеу, РФ, 01.10.2011 ж.
  • Орталық Азия Американдық университеті, Қырғызстан (eng) 14.11.2011 ж.
  • Жеке тұлға психологиясы орталығы,  Дюссельдорф,  Германия, 19.12.2011 ж.
  • ӨзР микробиология институты, Ташкент, Өзбекстан, 04.01.2012 ж.
  • ӨзР ҒА «Ботаника» ғылыми-өндірістік орталығы, Ташкент, Өзбекстан, 04.01.2012 ж.
  • И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік  педагогикалық университеті (ҚМУ), Бішкек, Қырғызстан, 20.04.2012 ж.
  • ӨзР ҒА Физиология және биофизика институты, Ташкент, Өзбекстан, 04.04.2012ж.
  • ӨзР ҒА Өсімдік және жануарлар дүниесі генофонды институты, Ташкент, Өзбекстан, 04.04.2012 ж.
  • М.Рысқұлбеков атындағы ҚЭУ магистратура және ғылыми бағдарламалар жоғары мектебі, Қырғызстан, 27.06.2012 ж.
  • «Шығыс экономикалық-заң гуманитариялық академиясы»  Томск институты мемлекеттік емес жоғары кәсіби білім беру мекемесі (ЖЭММ Академиясының Томск институты), Томск, РФ, 15.04.2013 ж.
  • Запастағы офицерлердің қаржы, экономика және құқық институты, Мәскеу, РФ, 05.09.2013 ж.
  • ҚР ҰҒА Табиғи ресурстар институты (ТРИ), Қырғызстан, 24.03.2014 ж.
  • Ош мемлекеттік университеті, Қырғызстан, 24.03.2014 ж.
  • Вятка мемлекеттік гуманитариялық университеты ВятМГУ, Киров қ., РФ, 11.11.2014 ж.
  • РФ Шағын бизнес Астаналық академиясы, Мәскеу, РФ, 25.11.2014 ж.
  • Санкт-Петербор мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыс институты, Санкт-Петербор, РФ, 18.03.2015 ж.
  • «Шығыс экономикалық-заң гуманитариялық академиясы» ЖЭМУ мемлекеттік емес жоғары кәсіби білім беру мекемесі, Уфа, РФ, 04.03.2015 ж.
  • Bitlis Eren University, Bitlis, Түркия, 03.06.2015 ж.
  • Лестер университеті, Ұлыбритания, 15.06.2015 ж.
  • Туризм академиясы, Анталия.

Мына бағыттар бойынша ғылыми ынтымақтастық жүргізіледі: жоо-дан кейін білім беру (тағылымдамалардан өту, біліктілікті арттыру); тәжірибе және ақпарат алмасу; ҒЗЖ бірлесіп орындау, мақалалар шығару, құралдар, монографиялар жазу.

Барлық бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылған, орындаушылар тізімі бекітілген. Зерттеулердің осы бағыттарының нәтижелілігі мыналар болып танылады: жарияланымдар, құралдар, патенттер, авторлық куәліктер, ендіру актілері және т.б.

 


 

 

    ҒЗО

Ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) «Мирас» университетінің құрамына енеді және ғылыми-зерттеу қызметін, талдау қызметін ұйымдастыратын және үйлестіретін, сондай-ақ университеттің ПОҚ ғылыми-зерттеу бағытындағы қызметін жетілдіруге және арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше болып табылады. ҒЗО консалтингпен және ғылыми зерттеулермен шұғылданады. Аталған құрылымдық бөлімше инновациялық технологиялық өнімді жасауға және өткеруге бағытталған қызметті үйлестіреді. ҒЗО студенттердің жобаларына қолдау көрсетеді.

ҒЗО маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

  • әрі қарай коммерциялауға ықтимал тиімді жобаларды анықтау және уәждеу үшін студент жастар арасында тұрақты стартаптарды ұйымдастыру;
  • инновациялық қызметті жандандыру үшін инновациялық инфрақұрылымды, соның ішінде бизнес-инкубаторды, конструкторлық бюроларды құру;
  • бірлескен ғылыми жобаларды орындау үшін бөгде ұйымдардың өкілдерін тұрақты негізде ынтымақтастыққа тарту.

ҒЗО директоры –физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.В. Роговой


 

 

Бизнес-инкубатордың қызметі

ҒЗО құрылымына «Бизнес-инкубатор» енеді. «Бизнес-инкубатор» бастапқы жұмыс кезеңінде бизнес-топтардың құрамына енген студенттерге, магистранттарға және жас ғалымдарға тиімді қолдау көрсетеді. «Бизнес-инкубатордың» негізгі мақсаты – кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және студенттер аудиториясы арасынан іске асыруға дайын инновациялық жобаларды анықтау.

 «Бизнес-инкубатордың» қызметі аясында 2016 жылдың қазан айында Астана өткізілетін «Ғылым шарайнасы» конкурсына 5 жоба жолданды. Университеттің 7 кафедрасынан қарауға 9 өтінім берілген, олардын ішінен, сараптау комиссиясында талқыланғаннан кейін 5-уі ұсынылып, конкурсқа қатысу жарналары қаржыландырылды. 5 жобаның барлығы жүлделі орынға ие болды.

2016 жылдың қараша айында 5 жоба Алматыға ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арнап өткізілетін республикалық «Мен жастарға сенемін» студент жастар патриоттық форумына жолданды. Екінші айналымға ПиД кафедрасынан Анастасия Амельченконың жобасы өтті. Университет жобаны таныстыру және қорғау үшін форумға баруды қаржыландырды.

2017 жылдың наурыз айында 5 жоба Шымкент қ. әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы өткізетін қалалық «Үздік идеялар» инновациялық жобалары конкурсына жолданды.

Бизнес-инкубатор «Үздік идеялар» стартап-жобаларды жүйелі түрде ұйымдастырады.

 

«Өз ісім» студенттік жобалар конкурсын дайындау және өткізу

«Өз ісім» конкурсы бастапқы жұмыс кезеңінде (бизнес-инкубациялау) бизнес-топтардың құрамына енетін жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – студенттер мен магистранттанды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы инновациялық қызметті жандандыру. Конкурстың міндеттері: студенттер мен магистранттар арасында инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Студенттер мен магистранттарды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы университеттің инновациялық қызметін жандандыру мақсатында «Бизнес-инкубатор»  2016 жылдың 7-8 сәуірінде студенттер мен магистранттар арасында «Өз ісім» жобасын ұйымдастырып, өткізді. Конкурс студенттер мен магистранттар арасында инновациялық жобаны анықтау және іріктеу, сондай-ақ білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында өткізілді. Конкурс аясында  8 инновациялық жоба қаралды: Кешірім сұрау агенттігі –А. Мұсатай; «Үйлесім және өсу» Білім беру субъектілерін психологиялық қолдау қызметін құру -  Т. Драганова, А. Шерімова; Баршаға арналған Қазақстан –Ш. Назметдинова; Мирас пазл – Е. Бекболат, Е. Әуез; 3D (жарықдиодты текше 8*8*8) пішініндегі жасанды кескіндерді жобалау –И. Савельев; Суретті медициналық пластырь –А.Е. Амельченко; Коно-пицца дайындау және сату –Е. Сонар; Қазақстанның оңтүстігінде сұр түсті қаракөл қойлары өнімін өндірудің қарқынды селекциялық технологиясы. – Е Кузнецова. Аталған шараны өткізудің демеушісі болып «AspanProfileTechnology»АҚ коммерциялық ұйымы танылды.

2017 жылдың 27 сәуірінде «Мирас» университетінде ОҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз  Aspan Profile Technology және Nazar Textile қолдауымен  студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау жөнінде ІІ дәстүрлі «Өз ісім» конкурсының қорытындысы болды. Осы жылы конкурс тұңғыш рет өңірлік мәртебесіне ие болды, «Мирас» университетінің студенттерінен бөлек, оған ТарМУ, ОҚМУ, ОҚМИ, РСИУ және қала мектептерінің өкілдері қатысты. Жеңімпазы «Капхолдерлер және қағаз стакандар тиімді жарнама тасығыштары» бизнес-жобасымен ДИ-311р-2 тобының студенті  Виктория Голинских болды. Бас жүлде  – 50 000 теңге және «Мирас» университетінен жобаны іске асыруға қолдау алды! Құттықтаймыз!!!

Сондай-ақ конкурстың әділқазылар алқасы БИ-411к-1 тобының студенті Ирина Старкованың «Honey bee», ВТ-411р-1 тобының студенті Ибрагим Бахшиевтің  «Серверлердің ойын хостингі», МН-411к-1 тобының студенті Дәулет Ниязбектің  «Student-Food» жылдам дайындалатын тағамдары», ФК-411к-1 тобының студенті Ақжол Ақмұрзиннің «Автожуу» ИЖ бағалы сыйлықтармен және ақшалай жүлделермен атап өтті. Конкурстың барлық қатысушылары «Мирас» университетінің фирмалық өнімі мен кәдесыйларына ие болды.


 

 

Коммерциялау кеңсесі

Коммерциялау кеңсесі жоо-ның коммерциялық тұрғыда перспективалық ғылыми зерттемелерін анықтау және ендіру жұмысын іске асырады.

 Комерциялау кеңсесінің  мақсаты:

  1. Комерциялау кеңсесі қызметінің нормативтік және әдістемелік базасын мониторингтеу және әзірлеу.
  2. Ынтамақтастық туралы, соның ішінде халықаралық шаруашылық шарттар мен шарттар жасауға серіктестер іздеу. Нарықтың және серіктестердің қажеттіктерін, коммерциялаудың ықтимал бағыттарын анықтау.
  3. Ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін коммерциялау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектерімен байланыстар орнату. Инвестициялық меморандумдарды әзірлеу және инвесторларды іздеу.
  4. Коммерциялаудың перспективаларын талдау және қолда бар ғылыми нәтижелерді, жобаларды, ғылыми-техникалық әрекет нәтижелелерін нарыққа ілгерілету. Аяқталған ғылыми зерттемелерді коммерциялау және зерттеулер нәтижелерін өндіріске ендіру.

2017 жылдың 9-13 қазанында «Мирас» университетінің ғылыми-зерттеу орталығы мен коммерциялау кеңсесі ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер мектебі» Құрамдасы бойынша тренинг (оқыту) өткізді, «Мирас» университетінің 26 студенті оны бітіріп шықты.


 

 

«Оқу үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі жобасы» жобасы жетекшісі А.В. Рогова.

Жобаның орындалу мерзімі 2015-2020 жылдар. Аталған жоба білім беру жүйелері саласына, атап айтқанда ғылыми және білім беру үдерістерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерге жатады. Жоспарланған нәтижелер – жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру үдерістерін автоматтандыру; жоо персоналының жұмысын жеңілдету үшін деректердің барлық түрлерін компьютерлендірілген жинақтауды, сақтауды, өңдеуді және шығаруды іске асыру; өзекті талаптарды ескере отырып, білім және ғылыми министрлігіне есептер тапсыру нысандары мен жүйелерін автоматтандыру; оқытушылар мен студенттер үшін ақпараттық-хабарламалық функцияларды іске асыру. Нәтижелерді растау магистрлік диссертациялар мен диплом жұмыстарын, ғылыми мақалалар мен халықаралық ғылыми конференцияларға баяндамалар жазу мен қорғау, оқу үдерісіне және өндіріске ендірулер актілері, авторлық құқықтарды тіркеу түрінде іске асырылады. ҚР ӘМ-не өтінім беріліп, авторлық құқық объектісіне мемлекеттік құқықтарды тіркеу туралы ИС 004220 куәлік алынды, 2016 жылдың 14 сәуірінде тізілімге № 0678 жазылды. Информатика және ақпараттық технологиялары мамандығының студенттерімен және магистрантарымен бірлесіп, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. ҒЗЖ нәтижелері диплом жұмыстарында және магистрлік жұмыстарда көрсетіледі, 2016-2017 оқу жылында жоба нәтижелерін «Мирас» университетінің оқу үдерісіне ендірудің 6 актісі бар, жоба тақырыбы бойынша 3 магистрлік диссертацияны орындау жүргізілді, 7 мақала жарияланды.


 

 

«Шетел тіліндегі пәнді оқыту кезінде төменгі және жоғарғы тәртіп мәселелерінің көмегімен болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамыту» жобасы, жоба жетекшісі Т.А.Летяйкина

Жобаны орындау мерзімдері - 2016-2020 жылдар. Пәндік білімдер мен шетел тілін ықпалдастырып оқыту CLIL әдістемелік тәсілінің көмегімен жүргізіледі, мұнда пәннің мазмұнына басымдық беріледі, ал шетел тілі арнайы атаулар мен негізгі үдерістерді зерделеудің құралы болып табылады. soft CLIL үлгісі таңдап алынды, Бұл білім алушылардың ана тілі пәнді қабылдауды елеулі дәрежеде жеңілдету үшін қолданылатын үлгі. Кафедраның 26 оқытушысымен сабақтардың әралуан  түрлерін (дәрістер, семинарлар, зертханалық, СӨЖ және ОБСЖ) жоспарлау және өткізу жөнінде консультациялар жүргізілді. Жоба аясында Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ оқытушыларымен және зерттеушілерімен бірлесіп, студенттерге арналған сауалнама әзірленді. Сауалнаманың мақсаты студенттердің ағылшын тіліндегі пәнді оқуға даярлығы мен уәждемесінің деңгейін анықтау болып табылады.  2017 жылдың 12 мамырында  тілдік емес мамандықтардың 1 курсының студенттері арасында арқаулық зерттеу жүргізілді. Сауал салуға 221 студент қатыстырылды. Сауалнама респонденттердің мына көрсеткіштер аражігінде мектепте және университетте ағылшын тілін оқыту туралы пікірін зерделеуді көздеді: оқу жүктемесінің көлемі, ағылшын тілі бойынша бағалау, оқу сабақтарының басым құрамы, мұғалімнің (оқытушының) тарапынан көмектің бар-жоғы, ағылшын тілін оқу кезіндегі негізгі қиындықтар, оқытуға қанағаттанғандық және оны жетілдіру туралы ұсыныстар.


 

 

«Топсаяхат жетекшілері мектебі» жобасы,  жобаның жетекшісі О.А. Стаценко

2016 жылдың қазан айында Мирас университетінің арқауында «ОҚО-да туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығы» ҚБ-мен бірлесіп, «Топсаяхат жетекшілері мектебі» жобасы іске қосылды. Күнтізбелік жоспар әзірленіп, бекітілді. 6- 26 қазан аралығында әзірленген бағдарлама бойынша сабақтар өткізілді. Топсаяхат жетекшілері мектебінің бітірушілері Университет сайтына орналастырылатын жарнамалық кітапшалар әзірледі. Топсаяхат жетекшілері мектебінің бітірушілері Мирас университетінде халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізу кезінде келген оқушылармен топсаяхаттарды сәтті өткізді, сондай-ақ ЖІК өтінімімен келген спортшылармен топсаяхат өткізді. Мектептің бітірушілері мен олар ұсынатын коммерциялық топсаяхаттар туралы ақпарат университеттің сайтына және Instagram-ға орналастырылған. ОҚО Альпинизм қауымдастығымен шарт жасау жұмысы жүргізілді. Шарттың мақсаты – ОҚО туризмі саласының инфрақұрылымын дамыту үшін тау туризмінің топсаяхат жетекшілері-гидтерін даярлау. Қолдану аясы – Оңтүстік Қазақстан облысының туристік саласы. Жұмыстардың түрлері мен шартты іске асыру мерзімдері белгіленген, нұсқаушы-гидтерді оқыту курсының бағдарламасы, жоспарлы сметасы мен күнтізбелік жоспары әзірленді. 2016-2017 жылдар ішінде Туризм және Шетел тілі мамандықтары студенттерімен бірлесіп, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, жобалар нәтижелерін өндіріске ендірудің 1 актісі бар, жоба тақырыбы бойынша 5 диплом жұмысы орындалды, 4 мақала жарияланды. Оқытушылар Т.С. Митрошенко, Д.К. Маханова, Н.А. Гадецкая 2017 жылдың 3-20  сәуірі аралығында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан оқыту жөніндегі сертификаттау орталығы» ЖШС-нде көлемі 72  сағаттық «Туризм жоғары оқу орындарының қызметі саласындағы перспективалық бағыт» және «Туризмдегі туристік формальдылықтар мен қауіпсіздік» курстарында оқып шығып, біліктілікті арттырудан өтті.


 

 

«ОҚО өсімдік шаруашылығының әлеуетін зерттеу және дамыту» жобасы (бастапқы атауы - «Оңтүстік Қазақстан ағаштары мен шөптерінің тамырлары»)

Ғылыми жетекші - б.ғ.к., аға оқытушы Б.А. Ахметов

Жобаның мақсаты – Оңтүстік Қазақстан жағдайында өсімдік шаруашылығының ерекшеліктерін зерттеу және талдау, өсімдіктердің перспективалық түрлері мен олардың өсіру тәсілдерін анықтау, Қазақстанның «жасыл» экономикасы идеяларын іске асырудағы көшбасшылық.

Зерттеу объектісі университеттің үй-жайларын көгеріштендіру үшін сәндік және көлемі ірі өсімдіктерді өсіру, эксперименталдық жұмыстарды жүргізу (индустриалдық деңгейде) болып табылады.

Жоба аясында оның қатысушылары практикалық семинарларды жүргізу және жұмыстарға басшылық жасау, өндірістің бүкіл циклын биотыңайтқыштармен және органикалық препараттармен қамтамасыз етеді және «Green Wall» жобасын іске асыруға біртіндеп көшуді қамтамасыз етеді. Жұмыстың нәтижесі Мирас университетінің корпустарының жылыжайларын көгеріштендіруге арналған «Green Wall» жобасын ендіру, көгеріштендіру жөніндегі экспериментарлық жұмыстарды жүргізу және оларды практикалық қолдану болып табылады.

2016-2017 жылы зертханалық аудиторияны ұйымдастыру және құру, университет үй-жайларын көгеріштендіру үшін тұқымдарды және сәндік және көлемі ірі өсімдіктерді өсіру, Мирас университетінің аумақтарын көгеріштендіру үшін ағаштарды өсіру жүргізілді, жоба тақырыбы бойынша 7 диплом жұмысы орындалды, 2 мақала жарияланды.


 

 

Зияткерлік меншік құқықтарын алу үшін ҒЗЖ басым бағыттарын қарастыру.

«КВАДРО» интегралдық микросхемаларын зерттеу құрылғысы» пайдалы үлгісі өнертабысына авторлық құқық алуға құжаттар рәсімделді. ҚР ӘМ-не құжаттар топтамасы жолданды, сондай-ақ сарапшылардың нақтылаушы сұранысы алынып, оған жауап берілді.

Пайдалы үлгі цифрлық логикалық электрондық схемалармен жұмысқа жеке немесе топтық оқыту тәсілдеріне жатады және оқу, оқу-әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

 «Квадро» интегралдық микросхемаларын зерттеу құрылғысы «дипломат» түріндегі демонстрациялық модульді, жарықдиодты модульді, импульстер генераторын, компьютер планшетін,  көлемі шағын  осциллографты,  тестер түріндегі әмбебап өлшеу аспабын,  электр тізбегінің элементтерін,  жалғау сымдары жиынтығы мен қоректендіру блогын қамтиды. 

Ұсынылатын құрылғы  радиотехника саласындағы заманауи цифрлық интегралдық микросхемалардың, бақылау-өлшеу, телекоммуникация, автоматика және телебақылау аспаптарының, өнеркәсіп және инфокоммуникациялық технологиялардың  параметрлерін, қасиеттері мен оңтайлы қолданылуын зерделеу және зерттеу жөніндегі зертханалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.


 

 

2017 жылдың 19 мамырында сағат 14.00-де Шымкент қаласы, 1 Мамыр, 10 мекен-жайында орналасқан «Мирас» университетінің Білім беру-ақпарат орталығында (бұрынғы Металлургтер сарайы) бастаушы стартап-компанияларға, өнертапқыштарға және инноваторларға арналған ABC Quick Start 2017 Назарбаев Университетінің екінші акселерациялау бағдарламасының таныстырылымы болды. Бағдарламаның негізгі мақсаттары инновациялық жобалау қызметіне қабілетін байқатқан студенттердің, жас ғалымдар мен кәсіпкерлердің инновациялық идеяларын қолдау жүйесін құру; келешегі бар бизнес идеялар мен зерттемелерді іріктеу және акселерациялау болып табылады. Бас серіктестер болып Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ танылды. Таныстырылымды НУРИС бас директоры Айдар Бексұлтанұлы Жақыпов, «Назарбаев Университеті» БАҚ бизнес-инкубаторының директоры  Болат Сұлтанғазин және «Назарбаев Университет» БАҚ инновациялар департаментінің аға менеджері Абзал Дәрібаев ұсынды. Таныстырылым тыңдаушылары «Мирас» университетінің студенттері болды.