Work & Travel USA

Work and Travel USA бағдарламасы

Work and Travel USA – студенттерге арналған жаппай, кең таралған және барлығына қол жетімді алмасу бағдарламасы. Бұл АҚШ –та естен кетпейтіндей демалыс өткізгісі келетін, америкалық мәдениетпен танысқысы келетін және де америкалық өмір салтымен «іштей» танысқысы келетін, барлық жер бетіндегі жаңа қызықты адамдардармен кездескісі келетін жасөспірімдер мен бойжеткен қыздарға арналған мінсіз бағдарлама болып саналады, сонымен қатар ең маңызды болып саналатын мәселесі, ол барлық жол жүру шығындарын көтереді және қосымша ақша табу мен саяхаттауға мүмкіндік береді.

 wt1

Бағдарламаның артықшылықтары

Әрбір студент АҚШ еліне Work and Travel бағдарламасы арқылы баруда өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Кейбір жастар өзінің ағылшын тіліндегі сөйлеу қабілеттілігін арттыруды қалайды, ал екіншілері – өмір сүруде бағалы тәжірибе жинау мен жұмысты шет елдерде істеуді қалайды, ал үшіншілері — жарық және қызықты жерлерді көруді және де Америка Құрама Штаттарындағы атақты көзге көрінерлік жерлерін көруді қалайды. Студенттер қызмет көрсету орындарында жұмыс жасайды: қонақүйлерде, ресторандарда, сауықтыру және халықаралық саябақтарда, дүкендерде және т.б. Америкалық компанияларда жұмыс істеген туралы түйіндемелердегі жұмыс тәжірибесі ескерусіз қалмайды.
Бүгінгі күннен бастап «Мирас» Университетінің студенттеріне өз оқу орнынан аталған бағдарлама бойынша толық ақпаратты сұрап білулеріне толығымен мүмкіндік туды. «Мирас» Университеті «Owlwin» Компаниясымен бірлесе отырып, арнайы білім беру бағдарламаларын дамыту мен жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық жолын бастады, соның ішінде академиялық мобильділік аймағында және Университетте білім алушылар мен ОҚО аймағында өмір сүретін халықты шет елдерге жұмыс істету мақсатында жұмыс жасауда. Төменде сіз Work and Travel USA бағдарламасының шарттарымен толық таныса аласыз.

 wt2

Іс – шаралар және Төлем ақысы

Бағдарлама кезең бойынша жүргізіледі және өз құрамына студенттік жұмыс визасын J1 дайындау кіреді.

  • Әкімшілік алымдар - 45 000 тг, құрамына құжаттарды дайындау, студенттерге кеңес беру арқылы ықпал беру, визалық дайындау мен барлық қажетті бағдарламалық құжаттарды толтыру кіреді.
  • Әрбір студентке жеке жұмысты таңдап беру - 400-500$ Берілген бағдарлама бойынша орташа еңбек ақы мөлшері сағатына 7$ − дан 15$ болады, қосымша ретінде шайпұл алады, соның негізінде студенттің еңбек ақы мөлшері артады.
    Жұмыс істеу тізбегі ауысымды болады, бір күнде 2 жұмыс істейтін ауысымдар жұмыс жасайды. Мысал ретінде 11:00-17:00 – бірінші ауысым, ал 17:00-23:00 – екінші ауысым. Студент көп еңбек ақы алу мақсатында екі ауысым бойы жұмыс жасай беруге құқылы, немесе қызметкерлерді алмастыра алады және тек демалыс күндері ғана саяхаттай алады. Сонымен қатар студент АҚШ аймағынан қосымша жұмыс тауып, жұмыс істеуіне де болады.
  • Негізгі бағдарлама - 890$ құрайды. Бағдарлама құрамына SEVIS жүйесіне тіркеу - 35$, медициналық сақтандыру - 150$, бағдарлама бойынша шетелде болуында АҚШ аймағында демеушінің кеңес беруі, DS - 2019 - сертификат, сол сертификат көмегімен студент АҚШ аймағында жұмыс жасай алады.
  • АҚШ елшілігіне кіру үшін визалық алымдар - 160$ (елшілік реквизиттер негізінде төленеді) – төлеу мерзімі – Сәуір айы.
  • Әуе ұшу (тасымалдануы) (1000-1200$) – шетелге ұшу мен елшілікте тіркелуге компания жауап береді. Ұшу Лондон, Амстердам немесе Франкфурт арқылы студенттің қауіпсіздігі мен тиімділігі негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар студенттер топ бойынша 10 адамнан ұшады

 wt3

Жеңілдіктер мен Акциялар

Мирас университеті және Owlwin Компаниясы бағдарлама бойынша топ студенттеріне немесе олардың достарына жеңілдіктер мен акцияларды қолдануға береді. Толық ақпарат алу үшін төмендегі сымтетікке хабарласуларыңызға болады.

 wt4

Бағдарламаның ұзақтығы

Визаның жарамды уақыты 2016− жылдың мамыр айы мен қыркүйек айының басына дейін жарамды. Студенттер көбінесе АҚШ –та жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін саяхаттайды, себебі олар Қазақстанға жаңа оқу жылы басталғанда келулері керек.
Құжаттарды қабылдау уақыты 2016−жылдың 1 –наурыз айында аяқталады.
Work and Travel бағдарламасының мүшесі болу - оңай! Кез келген оқу орнының әртүрлі мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студент болуы керек, ағылшын тілін сөйлеу деңгейінде меңгере алуы керек және де алға қойылған «АҚШ елінде естен кетпейтін демалысты өткізгім келеді» деген мақсатқа жеткісі келетін студент қатыса алады.
Ағылшын тілін меңгергеніңізге күмәніңіз барма? Біз сіздерге Work and Travel бағдарламасына арналған ағылшын курстарын ұсынамыз (оқу орны аймағында), соның негізінде сіз АҚШ –қа бару алдында өзіңіздің тілдік дағдыларыңызды жақсарта аласыз. Соңғы 6 жылдан бері мамандандырылған ағылшын кустарында білім алған тыңдаушыларға ағылшын визасын беруде бірде бір қабылдамау жағдайлары болмаған!
Қосымша сұрақтар пайда болды ма? Онда сіз бізбен келесі байланыс анықтамалары арқылы байланыса аласыз: «Мирас» Университет, Сержанова Жанар - 87712526686, «Owlwin» Компаниясының төрағасы, Хазиахмедова Римма Ринатовна – 87479904480, www.1owlwin1.com

Біз міндетті түрде сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз.

 wt5