Гранттар, стипендиялар және конкурстар

Уалайлак Университетінің Жазғы Мәдени Лагері

Уалайлак университеті Тайланд қаласында өзінің жазғы мәдени лагерін ұйымдастырмақ. Wucc2018 160 халықаралық қатысушылар (100 шет елдің азаматтары және Уалайлак университетінің 60 студенттері) арасындағы жаһандық желін құруға бағытталған. 8 күндік бағдарламасы бойынша қатысушылар оңтүстік Тайландтын шығыс бөлігінде орналасқан ежелгі қала Накхон-симмарат провинциясын және де, Тайландтын астанасы – Банкок қаласын  зерттеуге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, жаһандық жастар арасында ұйымдастырылатын алун-түрлі іс-шараларға қатысуға және әр сәтті бірге өткізуге мүмкіндігіңіз бар.

Қолданылатын тіл: Ағылшын

Қабылдаушы ел: Тайланд

Қабылдаушы ЖОО: Уалайлак Университеті

Программаның ұзақтығы: 8 күндер

Күндер: 16 – 23 маусым 2018

Қаржылай көмек

Кіреді:

  • Тегін жатқызатын орын;
  • Тегін тамақ;
  • Айропорттан/айрапортқа дейін тегін тасымалдау;
  • Маусмның 20, Накхон-симмарат провинциясынан Банкок қаласына дейін тегін бір бағыттық билет.

Кірмейді:

  • Тайландқа айналмалы сапар, Суварнабхуми халықаралық әуежайы немесе Донмюанг халықаралық әуежайы;
  • 16 маусым 2018 жылы Банкогтан, Донмюанг халықаралық әуежайынан Накхон Си Таммарат әуежайына дейінгі біржолғы билет;
  • Жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру.

Кім қатыса алады?

  • Университеттің студенттері немесе осы жылы бітіретіндер;
  • Жасы 30-дан аспаған;
  • Ағылшын тілінде еркін сойлесе алатындар.

Қалай тапсыруға болады?

  • Студенттер өтінішті онлайн түрде тапсыруы және керекті документтерді жинауы керек.

Мерзімі: 31 Наурыз 2018


 Араб тілін үйренуге арналған жазғы лагерь

Мохаммед V университеті Морокконың Рабат қаласында өтетін жазғы лагеріне шақырады. Бұл бағдарламаның мақсаты – жазбаша және ресми сөйлеу түрлерінде  қолданылатын қазіргі заманғы араб тілінің білімін жетілдіру. Бұл бағдарлама мәдениетаралық қарым-қатынас пен коммуникация аясындағы араб мәдениетіне бай компоненттерді құрайды.

Мохаммед V университеті - Марокконың астанасы Рабатта орналасқан екі кампустық университет. Университет, сондай-ақ, BRICS бойынша, әлемнің 200 топ университеттер қатарына енді.

Қолданылатын тіл: Ағылшын, араб

Қабылдаушы ел: Морокко

Қабылдаушы ЖОО: Мохаммед V Университеті

Программаның ұзақтығы: 4 апта

Күндер: 2 – 31 шілде 2018

Қаржылай көмек

Қаржыландыруға мұқтаж студенттердің бәрі

Кім қатыса алады?

  • Әр университеттің студенттері.

Қалай тапсыруға болады?

  • Өтініш онлайн түрде ағылшын тілінде тапсырылуы тиіс.

Мерзімі: 10 Сәуір 2018


Словакия Республикасының ұлттық шәкіртақы бағдарламасы

Словакия Республикасының ұлттық шәкіртақы бағдарламасын Словакияның білім, ғылым, зерттеу және спорт министрлігі қаржыландырады. Словакия Республикасының ұлттық шәкіртақы бағдарламасы жоғарғы оқу орын және ғылыми-зерттеу мекемелерде өтілетін мұғалімдік, ғылыми/көркемөнер тағылымдамаларды қолдайды. Бағдарлама екі жақтық мобилділікті қолдайды: шетел шәкіртақы алушының Словакияда оқуы және де словак шәкіртақы алушылардың шетелде оқуы. Берілген бағдарлама тағылымдаманың мерзіміндегі қабылдаушы елде тұруға және жол шығынын төлейді.

Қолданылатын тіл: Ағылшын, словак

Қабылдаушы ел: Словакия

Қабылдаушы ЖОО: Словакияның кез-келген университеті

Программаның ұзақтығы: Студенттер мен магистрлерге 1-3 семестр, университеттің мұғалімдері, зерттеушілер және суретшілерге 1-10 ай

Күндер: 2018/2019 оқу жылы

Қаржылай көмек

A) ЖОО студенті

350 €

Б) Аспирант

580 €

В) ЖОО оқытушы/ғылыми қызметкер/ өнер саласындағы жұмыскер:

  • Дәрежесіз ғылым кандидаты – PhD (немесе эквивалентті) және ЖОО оқытушы/ғылыми қызметкер/ өнер саласындағы жұмыскер ретінде 4 жылдан аспайтын тәжірибесі бар

580 €

  • Дәрежелі ғылым кандидаты – PhD (немесе эквивалентті) және ЖОО оқытушы/ғылыми қызметкер/ өнер саласындағы жұмыскер ретінде 10 жылдан аспайтын тәжірибесі бар

850 €

  • Дәрежелі ғылым кандидаты – PhD (немесе эквивалентті) және ЖОО оқытушы/ғылыми қызметкер/ өнер саласындағы жұмыскер ретінде 10 жылдан астам тәжірибесі бар

1 000 €

Кім қатыса алады?

  • Университетте 2,5 жыл оқыған студент, магистрант, аспирант, профессорлік оқытушы құрамы.

Қалай тапсыруға болады?

  • Өтініш онлайн түрде ағылшын, орыс немесе словак тілдерінде тапсырылуы тиіс.

Мерзімі: 30 сәуір 2018 – келесі оқу жылындағы тағылымдамалар үшін, 31 қазан 2018 – ағымдағы оқу жылдың жазғы семестр кезіндегі тағылымдамалар


1000$ көлеміндегі фотогранттар

Фотогрант – бұл PhotogrVphy Magazine журналдың комерциялық емес жобасы. Бұл жас фотографтарға тәжірибе жинауға және кәсіби фотосурет әлемінің бір бөлігі болуға көмектесетін платформа.   Фотографтар өз мансабының келесі кезеңіне өтуге және бүкіл әлемдегі галереялар, кураторлар, БАҚ және мәдени мекемелердің құрметін алу мүмкіндігіне ие.

2018 жылы ұйымдастырушылар берілген санаттарда бағалайды:

  • Дене;
  • Климат;
  • Күнделікті өмір;
  • Эксперименталды фото;
  • Қалалық фотосурет.

Қолданылатын тіл: Ағылшын

Қабылдаушы ЖОО: PhotogrVphy Magazine

Жеңімпаздарды жариялау күні: 21 қазан 2018

Жүлделер: 1000$, СЕРТИФИКАТ

Кім қатыса алады?

  • 18 толған кез-келген елдің азаматы.

Қалай қатысуға болады?

  • Өтініш онлайн түрде тапсырылады;
  • Әр қатысушы тек 1 ғана жоба ұсына алады (жоба 3 жыл бұрын аяқталмаған болуы керек);
  • Жоба максимум 10 суреттерден тұруы тиіс;
  • Жобаның қысқаша мазмұны болуы керек (ағылшын тілінде жазылған минимум 50 сөз);
  • Суреттердің форматы– jpg, ені 1100 пиксель;
  • Шеңбер, су белгісін және қол қалдыруға болмайды.

Мерзім: 31 тамыз 2018

 

*Қосымша ақпаратты  халықаралық қатынастар бөлімінде білуге болады: Әкімшілік корпус, Сапак Датка 2, 2 этаж, #9 кабинет
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

 

Жаңалықтар

Access бағдарламасының студенттері 20-22 маусым аралығында жазғы лагерін «Мирас» университетінің базасында өткізді. Жазғы лагер қала сыртында болмағанына қарамастан студенттер өз уақыттарын қызықты ...
2018 ж. 11 мамыр күні  «Мирас» университеті «Бухгалтерлер ассоциациясы» кәсіби ұйымымен бірлесе отырып Бухгалтерлік есеп бойынша і қалалық жоо-аралық олимпиада өткізді.
26-ші ақпанда Туркестан қаласындағы  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыпта жастар форумы өтті. Осы форумға «Мирас» университетінен президент кеңесшісі, ф.ғ.к. Османова ...
Қамқоршылар кеңесін құру туралы және оның құрамында қатысу бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды. Өтініштерді жергілікті өкілетті органдардың; атқарушы және құқыққорғау органдарының ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ «EЛБАСЫ» Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда, конгрестерде жас ғалымдар мен университет ...
Өзіңді үздік спикер ретінде ТEDx форматындағы “MirasTalks” конференциясына қатысуға шақырамыз. Ғылымға, білімге, бизнеске байланысты өз идеяңды өзгелермен бөліс те, “Best Speaker” немесе “Best ...
Құрметті мектеп түлектері мен олардың ата-аналары! Курс Иляева,3 көшесіндегi «Мирас» университетінің ғимаратында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 8 708 254 87 03 нөмеріне хабарласыңыз
Құрметті жұмыс берушілер!Жақсы қызметкерлерді іздейсіздерме? Оларды бізден таба аласыз!base.miras.edu.kz/cvbank/main сілтеме бойынша өтіп, бос орындарыңызды қалдырыңыз!