Халықаралық байланыс бөлімінің  басты мақсаты университеттің халықаралық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімінің міндеті - Мирас университетінің басқа ұйымдармен, университеттермен және ғылыми орталықтармен жұмыс жасау,  оның ішінде академиялық мобильділік бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы байланысты дамыту.

Бөлімнің негізгі функциялары университеттің халықаралық қатынастарының кеңеюіне, күшеюіне және тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар болып табылады:

  • халықаралық қауымдастықтардың және ұйымдардың мүшелігі;
  • халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іздестіру;
  • университеттің халықаралық бағдарламаларға, жобаларға қатысуын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • шет елдердің оқу орындарымен ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
  • халықаралық академиялық ұтқырлықты мұғалімдермен, зерттеушілермен ұйымдастыру;
  • серіктестер іздеу, халықаралық бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіруге жәрдемдесу;
  • cеріктестер іздеуде және «Болашақ» бағдарламасы бойынша халықаралық гранттар бағдарламаларына құжаттарды дайындауда көмек көрсету.
  • бөлім барлық ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенін, кіріс және шығыс құжаттарын рәсімдеуді жүзеге асырады.

Байланыс ақпараты:

Шымкент, Сапак Датка, 2, кабинет №9.

Жұмыс телефоны: 8 (725) 2 33-77-77 (ішкі 125).

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Біздің шетелдік серіктестеріміз

Ұлыбритания

Лестер  университеті (ағылшынша University of Leicester) — Лестер (Англия) қаласында орналасқан мемлекеттік зерттеу университеті. Негізгі кампус Виктория паркінің жанында, қаланың орталығынан оңтүстікке қарай орналасқан. Университет генетикалық дактилоскопияны (саусақ мөрінен қылмысты адамды анықтау әдісі) және Ричард III патшасының сүйектерін тапқаны үшін атақты.

Университет жетекші ғылыми-зерттеу университеті ретінде әйгілі болып, 2008 жылы Times Highher Education журналы жүлдеген «Үздік университет» атағына ие болады. Лестер Университеті жеті жыл қатарынан Times Higher Education марапатын алған жалғыз университет. 2016 жылы Университет The Complete University Guide рейтингісінде 24 орынды, ал The Guardian рейтингісінде 32-ші орынды иеленеді.

REF 2014 рейтингісінде Лестер университеті 126 университеттер арасында 49-орынға ие болды.

2009 жылдан бастап, мектеп пен факультеттер бірігіп 4 колледждерге бөлінеді:

  • Өнер, құқық және гумантирлық білім колледжі;
  • Медицина, биологиялық ғылым және психология колледжі и психологии;
  • Инженерия және ғылым колледжі;
  • Әлеуметтік ғылымдар колледжі.

Университеттің ресми парақшасы: http://www.le.ac.uk/

Түркия

Bitlis Eren University — 2007 жылы қаланған, Түркияның мемлекеттік жоғарғы оқу орны. Университет Түркияның кішігірім қаласында – Битлис қаласында орналасқан.

Университеттің құрамы. Шағын мекемеде 6000 астам студенттер оқиды және 99 астам мұғалім жұмыс атқаруда.

Университеттің инфрақұрылымы. Университет аймағында бір кітапхана бар және кампуст аймағында спортмен айналысуға арналған керекті инфрақұрылымдарымен жабдықталған.

Факультеттер:

  • Экономика мен әкімшілік ғылымдары;
  • Өнер және ғылым;
  • Инженерия және архитектура;
  • Бейнелеу өнері;
  • Ислам ғылымы.

Университеттің ресми парақшасы: http://www.bitliseren.edu.tr/

 


Анталияның Туризм Академиясы — Түркияның Білім министрлігі лицензияланған және АҚШ қонақүй қауымдастығының (EI-AH & LA) білім институтының аккредитациясынан өткен академия.

EI-AHLA, BKF білім беру бағдарламалары негізінде құрастырылған академияның оқыту жүйесі, халықаралық білімнің үздік дәстүрлерін және мол тәжірибесін біріктіреді. Сонымен қоса, шет тілдерді үйренуге ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары білім (бакалавриат) Еуропалық қоғамдық қатынастар, бизнес және гуманитарлық институттардың бағдарламалары негізінде жүргізіледі.

Мамандықтар:

  • Қонақүй менеджменті;
  • Қоғамдық тамақтану менеджменті;
  • Экономика;
  • Ивент менеджменті;
  • PR және маркетинг.

Официальный сайт академии: http://www.antcol.ru/

 


Гирне Америкалық Университеті (ГАУ) көпшілікке белгілі, дүниежүзілік аккредитациялық мекемелер мойындаған Түркия республикасының солтүстік Кипрдің ең алғашқы университеті.  Университеттің кампустары әлемнің үш материктерінде орналасқан және же 74 елден келген студенттер оқытылуда. Бұл университет, сонымен қоса, инновациялық әзірлемелер мен технологияларға сәйкес келетін тиімді оқу бағдарламаларынан тұратын студенттерге қолжетімді америкалық оқыту жүйесін қолданады. Білім беру миссиясы мен америкалық оқыту жүйесін қолданатын мұндай университеттер әлемде сирек кездеседі.

ГАУ-нің миссиясы – қоғам игілігіменен мемлекеттін ғылыми келешегі үшін білім саласына инвестициялау

Факультеттер:

  • Бизнес пен экономика;
  • Инженерлік факультет;
  • Білім колледжі;
  • Байланыс факультеті;
  • Гуманитарлық;
  • Құқық мектебі;
  • Архитектура, жобалау және бейнелеу өнері;
  • Денсаулық ғылым факультеті.

Университеттің ресми парақшасы: www.gau.edu.tr

Польша

Лодзи әлеуметтік білім академиясы — 20 жылдан астам білім беретін Польшада орналасқан аса ірі мемлекеттік емес оқу орын. Бұл жоғарғы оқу орын студенттерге бакалавр, аспирантура және магистрлік бағдарламаларды ұсынады. Сонымен қатар, академияда қашықтықтан оқыту жүйесі мен қөптеген факультеттердің ағылшын тілінде оқытылу жүйесі жүргізіледі.

 

Аккредитациялар:

  • PKA аккредитациясы (Мемлекеттік аккредитация комиссиясы);
  • NEASC аккредитациясы(New England Association of Schools and Colleges);
  • MNiSW (жоғарғы оқу және білім министрлігі).

Академия берілген бағыттарда білім ұсынады:

  • Басқару;
  • Ұллтық қауіпсіздік;
  • Журналистика және қоғамдық байланыс;
  • Экономика;
  • Ағылшын филологиясы;
  • Есеп және аудит;
  • Геодезия мен картография;
  • Көркем графика;
  • Ибериялық филология;
  • Информатика;
  • Косметология;
  • Логистика;
  • Қоршаған ортаны қорғау;
  • Педагогика;
  • Әлеуметтік жұмыс;
  • Психология;
  • Қолданбалы социология;
  • Халықаралық қарым-қатынастар;
  • Менеджмент;
  • Қоғамдық денсаулық сақтау.

Академияның ресми парақшасы: http://ru.san.edu.pl/

Өзбекстан

Мұхаммад Әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті — телекоммуникация мен ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлайтын, 1995 жылы ашылған жоғарғы оқу орны. Оның бөлімшелері Ферғана, Үргеніш, Қарші, Самарқанд, Нүкіс қалаларында орналасқан. Кеңес дәуірі кезеңінде КСРО-ның байланыс. 2017 жылы Өзбекстан президенті оған Мұхаммад Әл-Хорезми атағын береді.

Факультеттер:

  • Ақпарат-байланыс технология;
  • Ақпарат-байланыс технология саласындағы экономика және менеджмент;
  • Информатизация және кітапханатану;
  • Компьютер инжинирингі;
  • Бағдарлама инжинирингі;
  • Теледидар технологиясы;
  • Телекоммуникациялық технология;
  • Пошта байланысы технологиясы.

Университеттің ресми парақшасы: https://tuit.uz/

 


Өзбекстан білім академиясының флора мен фаунаның гендік қорының институты.

Зерттеудің негізгі бағыттары:

  • Қорғау және ұтымды пайдалану мақсатында Өзбекстанның өсімдіктер мен өсімдіктер дүниесін кешенді зерттеу;
  • Шөл және жартылай шөлді жайылымдардың фитомелиорациясының теориялық негіздерін іздестіру;  
  • Өсімдіктердің акклиматизация және интродукциясының терминологиясын мен теориясын әзірлеу;
  • Түрлі эдафикалық жағдайларда негізгі биоморфтардың құрамдық, функционалдық және адаптациялық параметрлерін зерттеу. Ұрық өнімділігін арттыру мақсатында интродуциялық және табиғи флораның үмітті өсімдіктердің
  • Репродуктивті үдерісін зерттеу. Өсімдіктердің генеративті үдерісінің молекулярлық биологиялық параметрлерін зерттеу;
  • Интродуциялық және табиғи флораның үмітті өсімдіктердің репродуктивті үдерісін зерттеу;
  • Жайылымдардың тозуының дәрежесін зерттеу, антропогендік ықпалдын көбеюі нәтижесіндегі өсімдігінің күйін анықтау,геоботаникалық картография,  Арал теңізінің құрғақ түбі және шөлді жайылымдарының фитомелиорациясы
  • Үшін құрғаққа төзімді және тұзға төзімді өсімдіктер түрлерін іздестіру;
  • Эфир майы бар дәрілік және бояғыш өсімдіктерді зерттеу кезіндегі ценопопуляциялық тәсілді қолдану; олардың биалуантүрлілігін дұрыс қолдану және сақтау бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу;
  • Өзбекстандағы сирек кездесетін эндемикалық және құрып кету қаупі төнген  өсімдіктер түрлерінің түгендеу және қорғау;
  • Халық шаруашылығында және табиғат қорғау іс-шараларында қолдану мақсатында су өсімдіктерің перспективті түрлері мен альго-микофлораның кешенді зерттеу;
  • Өсімдіктердің перспективті түрлерін жаппай өсіру технологиясын өндіру.

Институттың ресми парақшасы: http://www.flora-fauna.uz/

 


Т.Н. Қары-Ниязи атындағы өзбек педагогикалық ғылыми-зерттеу институты.

Т.Н. Қары-Ниязи атындағы өзбек педагогикалық ғылыми-зерттеу институты 1929 жылы 17 қантарды ашылып, 1929 жылы 15 маусым айынан бастап Самарқандта республиканың білім беру халық комиссариаты басқармасында өз ісін бастады. 1931 жылы институт Өзбекстан астанасы — Ташкент қаласына көшіріледі.

Институттың құрылымының бөлімшелері:

  • Педагогика және психология;
  • Жалпы орта білім прогностикасы;
  • Жаратылыстану ғылымдарының оқыту теориясы мен әдістемесі;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының оқыту теориясы мен әдістемесі;
  • Педагогикалық технология және кәсіптік бағдар;
  • Бастауыш білім оқыту теориясы мен әдістемесі.

Концепциялық методикалық сипаты бар материалдар, білімді дамыту және оқыту әдістері бойынша туындаған мақала сұрақтары институттың «ұлттық білім», «үздіксіз білім беру», «физика, математика және информатика» журналдарында шығарылады.

Қырғызстан

Ош мемлекеттік университеті (ОшМУ) (қырғ. Ош мамлекеттик университети) —  мемлекеттік аккредитациядан өткен Қырғыз Республикасының жоғарғы оқу орны. 1939 жылы Қырғызстан Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімі бойынша Ош мұғалімдік инситут ретінде ашылады, ал 1951 жылы Ош педагогикалық институт ретінде білім береді. 1992 жылы Президенттің қаулысымен институт университет ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда, Университет Қырғыз Республикасының орасан зор ықпалы бар, ірі университет.

Факультетер:

  • Бизнес және менеджмент;
  • Математика және ақпараттық технология;
  • Теология;
  • Орыс филологиясы;
  • Физика-технологиялық;
  • Шет тілдер;
  • Жаратылыстану және география;
  • Тарих-құқық;
  • Медицина;
  • Халықаралық медицина;
  • Журналистика;
  • Педагогика и физикалық тәрбие;
  • Халықаралық қарым-қатынас;
  • Журналистика және қырғыз филологиясы;
  • Өнер факультеті.

Университеттің ресми парақшасы: http://www.oshsu.kg/

 


Қырғыз Республикасынынң ұлттық ғылыми академиясы (қырғ. Кыргыз Республикасынын Улуттук Илимдер Академиясы) – Қырғыз республикасының жоғарғы оқу орны.

1993 жылы Қырғыз Республикасының Үкіметі Ғылым академиясының Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясына (Қырғызстан ҰҒА) өзгерту және оған ЖОО статусын иелену туралы қаулы (№ 386, 18 тамыз 1993ж) шығарады. 2002 жылы Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы Заңы қабылданды.
2004 жылы республикада ҚР ҰҒА 50 жылдығы тойланды.
2010 жылы ҚР ҰҒА қосымша сайлау жүргізілді – ғылым академиясының 5 толық мүшесі және 11 корреспондент-мүше сайланды.
2013 жылы ҚР ҰҒА Президенттік сайлау жүргізіліп, Президиумның жаңа мүшелері тағайындалды.
2014 жылы ҚР ҰҒА ғалымдар одағы» құрылды. Қырғыз Республикасының үкіметі Академияны тарату және оның қызметтерін басқа ғылыми мекемелерге, министрліктерге және ЖОО-ға тапсыру туралы талқылады.

Институттың ресми парақшасы: http://www.naskr.kg

 


Қырғыз-Өзбек университеті 1997 жылы ашылды. Университеттің құрамында 4 институт және 12 факультеттер, сонымен қатар құқық клиникасы, «Темпус-Тасис» энергетикалық проекті, оқулықтар аудару және баспа орталығы, ҒЗО «Табиғи тас», ҒЗО «Альтерэнерго», ҒЗО «Алапаттар медицинасы», ҒЗО «Өтпелі экономика», ҒЗО «Нысанды киім», Қырғыз-Өзбек кәсіби колледжі мен лицейі, экология мәселелері жөніндегі лабараториялар, механика және табиғат клубы, «Грация» дизайн салоны, «Эверест» бизнес клубы, «Гранит» телестудиясы, этнография мен тарих муражайы, мәдени-эстетикалық орталық, «Планета Дружбы» газеті «Достук» спорткомплекс пен спортклубы, типография, кәсіби жүргізушілерді оқыту орталығы, мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары және де медициналық орталығы бар.

Университеттің қырғызстанның 3 облысында орналасқан өкілдігі бар. 49 кафедраларда 500-ден астам оқытушы, оның ішінде 131 ғылым кандидаттары, докторлары және доценттер білім беруде.

Университеттің аумағында 7 корпус, оқу-зертханалық және материалдық базасы бар. Сонымен қатар 40 бағыт бойынша мамандықтарды даярлайды. Оқыту жүйесі 3 тілде жүргізіледі (орыс, қырғыз және өзбек).

Қырғыз-Өзбек университеті - Қырғызстандағы ең қуатты, қазіргі заманғы және беделді жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің ректоры — Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, академик, Қырғыз Республикасының Парламентінің депутаты Мамасаидов Мамамед Ташалиұлы.

Университеттің ресми парақшасы: http://www.oshgsu-kuu.com/

 


Мұса Рысқұлбеков атындағы қырғыз экономикалық университет (кырғ. Муса Рыскулбеков атындагы Кыргыз экономикалык университети, ағыл. Kyrgyz economic university of named Musa Ryskulbekov) — Қырғыз Республикасының жалғыз басты және көпдеңгейлі экономика бағытындағы бейінді оқу орны.

Астанасы Бішкек қаласында орналасқан. Университетте 11 кафедра, 1 институт, 4 орталық, колледж және де лицей бар.

Кафедралар:

  • Экономикалық теория және әлемдік экономика;
  • Қаржы және кредит кафедрасы;
  • Есеп және аудит, анализ және аудит;
  • Туризм, қонақжайлық және кәсіпкерлік;
  • Қолданбалы информатика;
  • Тауартану және тауар экспертизасы;
  • Математика және жаратылыстану ғылымдары;
  • Мемлекеттік және ресми тілдер;
  • Шет тілдер;
  • Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым;
  • Экономика, менеджмент пен маркетинг.

Университеттің ресми парақшасы: http://keu.kg/

 


И.Арабаев атындағы қырғыз мемлекеттік педагогикалық университеті — Қырғыз Республикасының жетекші университеттерінің бірі. Университеттің орталықта орналасқан 6 заманауи корпустары бар. 1000 астам профессорлар, доцент және ұстаздар жұмыс атқаруда. Олардың 300 ғылым докторы және кандидаттары. Қазіргі кезде университетте 15 000 астам студент, 160 аспирант және докторан оқып жатыр.

Университеттің қөптеген студенттері мемлекеттік, жеке, үкіметтік емес ұйымдарда сұранысқа ие. Ишенәлі Арабаевтың атымен Қырғыз республикасының педагогикалық ғылым және ағарту, қазіргі қырғыз мемлекеттілігінің қалыптасуының бастапқы кезеңімен  тығыз байланысты. Оның педагогикалық және журналистік жұмыстары — түркі, орыс және басқа да халықтардың белсенді мәдениетаралық өзара әрекеттесуінің нәтижесі.

Негізгі білім беру бағдарламалары:

  • Бакалавриат бағдарламалары;
  • Магистрлік бағдарламалар;
  • Аспирантура;
  • Орта арнайы білім бағдарламалары.

Университеттің ресми парақшасы: http://www.arabaev.kg/

Ресей Федерация

Самара мемлекеттік техникалық университеті — 1914 жылы қаланған Самарадағы университет (бұрын Самаралық политехникалых университет). Поволжье ауданының ең үлкен технополисі, 2014 жылы өзінің 100 жылдығын тойлады.

2014 жылы «Эксперт РА» агенттігі университетке “D” рейтингті беріп, ТМД елдерінің үздік университеттер қатарына қосты. Университеттің әйгілі түлектері Қыргыз Республикасының бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев, Дмитрий Азаров, Михаил Ефремов және т.б.

Факультеттер, интитуттар, кафедралар:

  • Мұнай технологиясы;
  • Химия технология;
  • Электротехникалық;
  • Инженерлік техникалық;
  • Жылуэнергетикалық;
  • Азық-түлік өндірісі;
  • Инженерлік  экономикалық;
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мен технологиялары;
  • Автоматика мен ақпараттық технологиялар институты;
  • Құрылыс пен архитектура академия;
  • Сырттай оқыту;
  • Қосымша білім беру;
  • Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы;
  • Әскери кафедра.

Университеттің ресми парақшасы: https://samgtu.ru/

 


Вятск мемлекеттік гумантиралық университеті — Киров облысындағы, Киров қаласында орналасқан ең ежелгі университеті. Оның филиалдары Ижевск, Киров-Чепецк және Вятские Поляны қалаларында ашылған.

2016 жылы 14 наурызда Ресей білім және ғылым министрлігінің шешімімен Вятск мемлекеттік университетімен бірігеді.

Институттар, факультеттер:

  • Жарытылыстану ғылымдары;
  • Педагогика және психология;
  • Әлеуметтік технологиялар;
  • Құқық;
  • Информатика, математика және физика;
  • Лингвистика;
  • Тарих және мәдениет;
  • Филология;
  • Экономика және басқару;
  • Дене шынықтыру;
  • Технология және дизайн.

Университеттің ресми парақшасы: https://www.vyatsu.ru/

 


Санкт-Петербургтің психология және әлеуметтік жұмыстар мемлекеттік институты — Санкт-Петербург қаласындағы психология-әлеуметтік бағдары бойынша жұмыс жасайтын жоғарғы оқу орын. Институт 1992 жылы Сантк-Петербург администрацияның шешімімен қаланды

Факультеттер:

  • Психология-әлеуметтік жұмыстар;
  • Қолданбалы психология;
  • Конфликтология бағыттағы қолданбалы психология.

Кафедралар:

  • Әлеуметтік жұмыстар технологиялары мен теориясы;
  • Денсаулық және даму психологиясы;
  • Психология жөнінде кеңес беру;
  • Педагогикалық антропология, гендерология және фамилистика;
  • Қолданбалы конфликтология және девиантология;
  • Жалпы және дифференциалдық психология;
  • Қолданбалы әлеуметтік және ұйымдастыру психологиясы;
  • Психофизиология;
  • Философия, культурология және шет тілдер;
  • Математика мен информатика.

Институттың ресми парақшасы: https://psysocwork.ru/

 


«Шығыс экономика-заң гуманитарлық академиясы» — 1993 жылы 29 қаңтарда құралған мемлекеттік емес мекеме. Академия, 1000 астам студент оқитын Ресей және Башқорстан Республикасының ірі инновациялық ЖОО болып табылады.

Білім беру үдерісі ШЭЗГА-ның тегін Wi-Fi, компьютер кабинеттері мен кітапханалары бар корпустарында жүргізіледі.

Академияда, тағы да, қашықтықтан оқыту жүйесі дамыған. Студенттер Кампустың интернет желісінде «кездесіп» бір-бірімен байланысады, вебинарларды көреді, дәрістер тыңдайды, үй тапсырмаларын орындайды.

ШЭЗГ уақыттың шынайылығына сәйкес келетін және әрқашан оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолданатын оқу орны болып табылады.

Бакалавриат: Тарих

Магистратура: Экономика

Академияның ресми парақшасы: https://www.vegu.ru/

 


Мәскеу Синергия қаржы-өнеркәсіптік университеті — 1995 жылы ашылған мемлекеттік емес жаһандық жоғары технологиялық университет. 1995 жылы Ресейдің білім мен ғылым министрлігінен лицензия алады, 1999 жылдың басында мемлекеттік аккредитациядан өтеді.

2001 жылдан бастап университеттің магистрлік бағдарламалары АМВА аккредитациясынан сәтті өтеді. Сонымен қоса, университет кәсіпкерлер мен топ-менеджерлерге арналған SGF ("Synergy Global Forum") форумының ұйымдастырушысы ретінде танымал. Бұл форумда 2017 жылы Нью-Йоркте Ричард Брэнсон, Джордан Бэлфорт және Википедияның қалаушысы Джимми Уэлсс сөйледі.

Факультеттер:

  • Бизнес;
  • Басқару;
  • Экономика;
  • Ақпараттық технологиялар;
  • Психология;
  • Спорт менеджменті;
  • Дене шынықтыру;
  • Қонақүй және мейрамхана бизнесі;
  • Заңғылымы;
  • Банк ісі;
  • Дизайн;
  • Жарнама;
  • Лингвистика;
  • Интернет;
  • Кешенді қауіпсіздік.

Университеттің ресми парақшасы: http://synergy.ru/

 


Федералдық көмір және көмір-химия зерттеу орталығы — 2015 жылы қаланған, Кемерово қаласында орналасқан ғылыми ұйым. Орталық  Федеративті мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі Ресей ғылыми академиясы Кемерово Сібір бөлімінің ғылыми орталығы (РҒА  СБ  КемҒО),  Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің көмірхимия және химия Институты (РҒА СБ КХИ), Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің көмір институты (РҒА СБ КИ),  Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің адам экологиясы институты (РҒА СБ АЭИ) базасында құрылған,   2015 жыл 30 маусымда Ресейдін ғылыми мекемелердің федеративті агенттігінің  № 333 жарлығы бойынша, қайта құру нәтижесінде  РҒА  СБ  КемҒО мен  РҒА СБ КХИ,  РҒА СБ КИ,  РҒА СБ АЭИ бірігіп, Ресей ғылым академиясының  көмір және көмір-химия зерттеу  федералдық орталығы құрылады.

Аспирантура:

  • Физикалық химия;
  • Жер туралы ғылым;
  • Геотехнология;
  • Биологиялық ғылымдар;
  • Экология;
  • Химиялық технология;
  • Отын және жоғарғы қуатты заттардың химиялық технологиясы;
  • Тарих ғылымы мен археология;
  • Отан тарихы.

Институттың ресми парақшасы: http://www.kemsc.sbras.ru/ru

 


 

Шетелдік бағдарламалар тізімі

 

 

Фулбрайт бағдарламасы (кондидаттық немесе докторлық денгейі бар ғалымдармен алмасу үшін)

Қазақстандық ғалымдарға Құрама Штаттардағы университеттерде зерттеулерге мүмкіндік береді. Бағдарламаны АҚШ Елшілігінің Баспасөз және мәдениет басқармасы басқарады.

қ. Алматы. Самал-2. көше.Жолдасбекова 97. 16-інші этаж. Тел: (727) 2 50 48 73
қ. Астана, Ак Булак-4, көше. 23-22, ғимарат №3.
Тел: (7172) 702316
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://Kazakhstan.usembassy.gov/Fulbright_program.htm

 

 

 

Хьюберт Хамфридің бағдарламасы
(тәжірибесі бар мамандар үшін)

5 жылдан кем емес тәжірибесі бар мамандарға АҚШ-тағы бір жыл ішінде жоғары оқу орындарында кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігі беріледі.
Бағдарламаны Білім, баспасөз және мәдениет басқармасы басқарады. АҚШ елшіліктері:

қ.Алматы. Самал-2. көше. Жолдасбекова 97, 16-інші этаж
Тел: +7 (727) 250-76-12/17
қ. Астана  Рахимжан Кошкарбаев проспекті,  3
Тел: +7 (7172) 70-21-00

 

 

Фулбрайт Студенттік Бағдарламасы (магистратура бағдарламасы бойынша)

Бұл АҚШ-та магистр дәрежесін алуға бір-екі жыл мүмкіндік беретін бағдарлама. Бағдарламаны Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Білім, баспасөз және мәдениет басқармасы басқарады;

қ. Алматы. Самал-2. көше. Жолдасбекова 97, 16-інші этаж
Тел: +7 (727) 250-76-12/17
қ. Астана, Ак Булак-4, көше. 23-22, ғимарат №3.
Тел: +7 (7172) 702316

 

 

Эдмунд Маскидің ЖООдан кейінгі бағдарлама (магистратура бойынша)

Бұл АҚШ-та магистр дәрежесін  бір-екі жыл ішінде алуға мүмкіндік береді.

IKEX әкімшілігі:
көше.Жибек жолы, 60
Тел: (327) 2 73 41 50, 2 71 82 43
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://Kazakhstan.usembassy.gov/Fulbright_program.html

 

 

 UGRAD бағдарламасы (1-3 курс студенттеріне арналған)

1,2,3 курс студуденттері UGRAD бағдарламасына қатысып, АҚШ университеттерінде бір жыл оқуға мүмкіндік алады.
IKEX әкімшілігі.

көше. Жибек жолы, 60
Тел: (727) 2 73 41 50, 2 71 82 43.11
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://www.irex.org/programs/ugrad/

 

 

 

 

Мұғалімдерді дамыту бағдарламасы (университет оқытушылары үшін)

Әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ экология, архитектура, кітапхана және архивтік бизнес саласында жұмыс істейтін жоғары оқу орындарының оқытушылары 1-семестрде біліктілігін арттыруға, сабақтарын қосуға және АҚШ университеттеріндегі мұғалімдермен жұмыс жасауға мүмкіндік алады. . Бағдарламаны Американдық Халықаралық білім беру кеңесі басқарады.

қ. Астана, көше. Бейбитшилик. 18. Офис 409
тел (7172) 91 00 68
қ. Алматы. пр. Сейфулина 531, 6 этаж, 604 к.
Тел: (727)2720803/2720904
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://www.jfdp.org/

 

 

Faculty exchange Program (FEP)
(ЖОО оқытушыларына)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы; ауылшаруашылық саласы бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларына оқыту, ауыл шаруашылығы экономикасы және маркетинг бойынша білімдерін жетілдіруге және нарықтық экономикадағы АӨК дамытуға арналған.

Контактісі: +7(7172) 70 22 68, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Программа координаторы  - Наталья Чапман

 

 

IAESTE
Студенттермен алмасу және техникалық салаларда тәжірибе алмасу жөніндегі халықаралық қауымдастық

LAESTE - жоғары оқу орындарының студенттеріне (3,4 курс) көмектесетін мемлекеттік емес қоғамдық ұйым. Демалыс кезінде жетекші шетел кәсіпорындарында тәжірибе арқылы кәсіби білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Программа координаторы  – Людмила Юрьевна
Тел: +7(727) 327 99 09, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://www.iaeste.com/

 

 

 

 

DAAD Германия академиялық алмасу қызметі

Студенттерге арналған стипендиялар:
-Жазғы Университет курстары
-Студенттік топтарда оқу сапарлары
-Магистратура мен диссертация қорғауға арналған стипендиялық бағдарлама
-ERP - экономикалық мамандықтардың түлектеріне стипендиялар (http://daad.de/entwicklung)
-Барлық мамандықтар бойынша магистратура
-Дамушы елдерден мамандарға арналған магистратура курсы
Ғалымдарға арналған стипендиялар
-Зерттеу стипендиялары
-Ғалымдарды алмасe7

Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
daad.kz
Контакты: +7 (7172) 293 90 35,
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Үндістан мәдени байланыстар кеңесі (ICCR) Жалпы стипендиялық бағдарламасы

Стипендия магистратура студенттеріне, өнер / ғылыммен айналысатын магистранттарға және өнер, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында докторлық / докторантурада білім алатын студенттерге беріледі.

Үнді мәдени орталығы, Үндістан елшілігі.
Астана, Сол жағалау, Дипломатиялық қалашық.
С-15А, тел: +7(7172) 24 14 72, 24 32 92
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://www.icciindia.net/

 

 

 

 

 

Л. Киркланда атындағы стипендиялық бағдарлама

Әрбір грант иеленуші Польшаның жоғары оқу орындарында (2 семестр) және мемлекеттік мекемелерде немесе жекеменшік ұйымдарда 2-4 апталық тағылымдамадан өту курсын өтеді.
Бағдарламаға қатысу үшін сізге қажет:

-Қазақстан Республикасында азаматтығы және тұрақты тұру құқығы
-Экономика және басқару, әкімшілік, мемлекеттік басқару, бизнес әкімшілігі, құқық, әлеуметтік ғылымдар, саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы толық жоғары білім (магистратура)
-35 жасқа толмаған жаста (негізделген жағдайларда - 40 жасқа дейін)
-Поляк немесе ағылшын тілін білу, лекциялар мен семинарларға қатысу үшін жеткілікті
-Кәсіби қызметтің тәжірибесі - кем дегенде 2 жыл
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтты қараңыз:
http://www.kirkland.edu.pl

Joomla Plugins

Жаңалықтар

26-ші ақпанда Туркестан қаласындағы  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыпта жастар форумы өтті. Осы форумға «Мирас» университетінен президент кеңесшісі, ф.ғ.к. Османова ...
Қамқоршылар кеңесін құру туралы және оның құрамында қатысу бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды. Өтініштерді жергілікті өкілетті органдардың; атқарушы және құқыққорғау органдарының ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ «EЛБАСЫ» Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда, конгрестерде жас ғалымдар мен университет ...
Өзіңді үздік спикер ретінде ТEDx форматындағы “MirasTalks” конференциясына қатысуға шақырамыз. Ғылымға, білімге, бизнеске байланысты өз идеяңды өзгелермен бөліс те, “Best Speaker” немесе “Best ...
Құрметті мектеп түлектері мен олардың ата-аналары! Курс Иляева,3 көшесіндегi «Мирас» университетінің ғимаратында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 8 708 254 87 03 нөмеріне хабарласыңыз
Құрметті жұмыс берушілер!Жақсы қызметкерлерді іздейсіздерме? Оларды бізден таба аласыз!base.miras.edu.kz/cvbank/main сілтеме бойынша өтіп, бос орындарыңызды қалдырыңыз!
2017 жылдың 4 қыркүйек - 17 қараша аралығында Мирас университеті ағылшын тілі бойынша Nazarbayev University бағдарламасы бойынша біліктілікті көтеру курстары өткізді. "Білім берудің көшбасшылық ...
"Добро Мирас" клубы қайырымдылық концертімен студенттерді қуантты. Біріншіден,қайырымдылық жәрменкесі ұйымдастырылды, одан түскен қаражаттың барлығы мұқтаж адамдарға жұмсалады. Содан кейін ...