Анталиядағы тағылымдама (Резюме)

Анталиядағы барлық бағыттар бойынша магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға арналған ғылыми тағылымдама

Магистранттардың тағылымдамасы шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен танысу, тәжірибелік мәліметтерді өңдеу және түсіндіру, құзыреттіліктерді меңгеру, оқытылатын мамандық бойынша практикалық машық пен кәсіби қызмет тәжірибесін игеру мақсатында жүргізіледі.
Мирас университеті ғылыми шетелдік тағылымдамадан Түркияның жетекші институттарының бірі болып табылатын Туризм Академиясында өтуді ұсынады. Туризм Академиясын Түркия Білім беру министрлігі лицензиялаған және АҚШ Қонақүйлер Қауымдастығы Білім беру Институтының (EI-AH & LA) аккредитациясы бар. Оқыту жүйесі EI-AHLA, BKF білім беру бағдарламалары негізінде құрылған және ол өзінде осы бағыттағы халықаралық білім берудің ең озық дәстүрлері мен бай тәжірибесін үйлестірген. Шетел тілдерін үйренуге ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары білім беру Еуропалық  бизнес және экономика институтының (Budapest metropolitan University of Applied Sciences) бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
Туризм Академиясында тағылымдамадан өту осы бағдарламаның әрбір қатысушысына өзінің құзыреттілік кәсіби деңгейін арттыруға және өзінің кәсіби шеберлігінің шетелдік тәжірибесімен алмасуға ғана емес, сонымен қатар шын мәнінде аса бай Түркия тарихымен және мәдениетімен танысуға да мүмкіндік береді.

Тағылымдама төмендегі факультеттер бойынша ұсынылады:

•    экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті;
•    коммуникациялар факультеті;
•    инжиниринг және сәулет факультеті;
•    техникалық факультет;
•    бейнелеу өнері факультеті;
•    гуманитарлық ғылымдар факультеті;
•    педагогикалық факультет;
•    медициналық факультет;
•   құқықтану факультеті.

7 күндік шетелдік ғылыми тағылымдаманың құны: 750 $

Пакеттің құнына мыналар кіреді:

•    Тіркелу және курстарға бару, әуежайдан және әуежайға трансфер, қонақүйдің 3 орындық нөмірінде тұру, екі мезгіл тамақтану;
•    Қосымша іс-шаралар жоғарыда көрсетілген негізгі бағдарламаның құнына кірмейді;
•    Курсты сәтті аяқтаған соң, студенттер курстың құнына кіретін университет сертификаттарымен марапатталатын болады;
•    Тұру лимитінен асырып жіберген студенттер 70USD мөлшерінде қосымша біркүндік тұру сомасын төлеуі керек, 3 мезгіл тамақ біркүндік тұру сомасына кіреді;
•    Қайғылы жағдайлардан сақтандыру, шұғыл медициналық қызметтер, күн сайынғы трансферлер негізгі бағдарламаның құнына кірмейді;
•    Анталия бөлігіндегі Коньяалты/Лара аймағына орналастыру (теңіздің жанында);
•    Қатысушылардың ең аз саны – 10 адам;
•    10 адамнан тұратын топты жинаған соң, 11-іншісі – тегін.

«Түркиядағы қонақжайлық индустриясының жетістіктері» курсы қонақүйлердегі тәжірибелік дәрістерімен» бағдарламасы

Анталиядағы Туризм Академиясы барлық ниет білдірушілерге (қонақүйлердің, туристік агенттіктердің, турфирмалардың қызметкерлеріне, ЖОО оқытушылары мен студенттеріне) «Түркиядағы қонақжайлық индустриясының жетістіктері» курсын ұсынады.
Бұл – Жерорта теңізінің танымал курортындағы демалысты Түркияның қонақжайлық индустриясының жетекші мамандарынан кәсіби білім мен машықтарды алумен үйлестірудің қайталанбас мүмкіндігі. Бұл бағдарлама теориялық курсты, ең үздік қонақүйлердегі дәрістерді және Түркияның қонақүй бизнесі кәсіпқойларының мінездеме беруін қарастырады.
Курстар бағдарламасына Анталиядағы Туризм Академиясының оқытушыларымен және 5-жұлдызды қонақүйлердің мамандарымен өтетін дәрістер кіреді. Бағдарламаны өткізу мерзімдері ең кемі 10 адамнан тұратын топтың жиналуына қарай анықталады.  
Курстың ұзақтығы – 1 апта.

Оқыту бағдарламасына мыналар кіреді:
- Аудиторлық дәрістер

•    Фронт-кеңсе бөлімінің қызметі;
•    F&B бөлімінің қызметі;
•    Қонақжайлық индустриясындағы сатылымдар мен маркетинг;
•    Қонақжайлық индустриясындағы қызметкерлерді басқару, қызметкерлерді оқыту мен дамыту.

- Көрсетілген модульдер бойынша Анталия аймағының туристік бизнесінің ең үздік кәсіпорындарындағы тәжірибелік дәрістер 
Бағдарламаның құны: 750 $

Құнына мыналар кіреді:

3* қонақүйде тұру мен 2 мезгіл тамақтану, әуежайдан және әуежайға трансфер, шолу экскурсиясы. Курс аяқталған соң, тыңдаушылар Анталиядағы Туризм академиясының Сертификатын алады.
Қосымша төлемдер:
- Медициналық сақтандыру  - 11 доллар
- Ұшып өту
- Экскурсиялар (қалауы бойынша)

Медициналық сақтандыру тыңдаушылар келген бойда сол жерде рәсімделеді. Медициналық сақтандыру құны қосымша нақтыланады.
Тыңдаушылардың қалауымен қосымша ағылшын және түрік тілдері бойынша дәрістер тіл тасымалдағыштарымен бірге ұсынылуы мүмкін.  
Анталиядағы Туризм Академиясы сіздің сұрауыңыз бойынша менеждмент, мейрамхана ісі, қонақүй ісі, туризм, қызметкерлерді басқару, т.б. саладағы кез-келген тақырыпта қысқамерзімді курстарды ұйымдастыра алады.
Ең кемі 10 адамнан тұратын топ жиналған жағдайда, топ көшбасшысының тұруы, тамағы және оқуы – тегін. Курстардың өтетін күні қатысушылардың қалауына қарай белгіленеді.
Мысал үшін төменде «Швед үстелі» бағдарламасы көрсетілген

«Швед үстелі» бағдарламасы (Анталияда Оқу + Тағылымдама)
 

Анталиядағы халықаралық Туризм Академиясы барлық қоғамдық тамақтандыру және қонақжайлық индустриясындағы тәжірибелік машықтарды меңгергісі, атап айтқанда швед үстелін ұйымдастыру мен әзірлеу ережелерін түсінгісі келетіндер үшін «Швед үстелін ұйымдастыру және қызмет көрсету» бағдарламасын ұсынады. Бұл – мейрамханалардың аспаздары, даяшылары, қонақүйлердің бас даяшылары мен қонақүйлердің қызметкерлеріне арналған өз кәсібилігі мен құзыреттілігін арттырудың қайталанбас мүмкіндігі.
Курстың ұзақтығы – топ үшін қолайлы күннен бастап 6 күн.

Курстың бағдарламасы:

1. Теориялық бөлігі:

•    Швед үстелі ұғымы және түрлері;
•    Швед үстелінің әртүрлі елдерде ұйымдастырылуы;
•    Швед үстелін жабдықтау;
•    Швед үстелінің тағамдар мен сусындар ассортименті;
•    Швед үстелін әзірлеу;
•    Азық-түліктің қауіпсіздігі;
•    Швед желісіндегі есеп жүйесінің тиімділігі. Шығындарды жоспарлау.

2. Тәжірибелік бөлігі:
Анталияның үздік мейрамханалары мен қонақүйлеріндегі тағылымдама.

Кесте:
1 күн: Анталияға келу, трансфер, орналасу. Туризм Академиясы мен Эдуант Халықаралық оқу орталығының өкілдерімен кездесу. Қала ішінде серуендеу үшін бос уақыт.
2 күн, 4 күн: Курс бағдарламасы бойынша теориялық дәрістер. Бос уақыт (қосымша ақыға экскурсиялар ұйымдастыру мүмкіндігі).
3 күн, 5 күн: Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы үздік қонақүйлер мен мейрамханалардағы тәжірибелік дәрістер. Бос уақыт (қосымша ақыға экскурсиялар ұйымдастыру мүмкіндігі).
6 күн: Анталияның үздік мейрамханаларына бару. Тағылымдамадан өткені туралы дипломдарды табыстау.
7 күн: Бос уақыт. Әуежайға бару, Мәскеу арқылы ұшып өту.

Курстың құны:

750 доллар. Құнына үшжұлдызды қонақүйде тұру, екі мезгіл тамақтану, әуежайға және әуежайдан трансфер, оқу, қонақүйлердегі тәжірибелік дәрістер, шолу экскурсиясы кіреді.

Қосымша төлемдер:

•    Тұру ақысының айырмашылығы, егер сіз 4 немесе 5-жұлдызды қонақүйлерде тұруды таңдасаңыз;
•    Медициналық сақтандыру - 7 тәулікке 11 доллар;
•    Ұшып өту;
•    Экскурсиялар (қалауы бойынша).

Курс аяқталған соң, тыңдаушылар Анталиядағы Туризм Академиясының Сертификатын алады.

«Қосарлы дипломдар» бағдарламасы

Жоғары оқу орындарының студенттері 2 академиялық жыл бойы (сырттай немесе қашықтықтан, негізгі оқу орнынан қол үзбей) Туризм Академиясында қатар оқиды, Қонақүй менеджменті мамандығы бойынша түрік және американ (опциялы) дипломдарын (Diploma Program) алады. Студенттер Анталияда ақылы тағылымдамадан өте алады (емтихандарды да Анталияда немесе қашықтықтан ұйымдастыруға болады). Бағдарламаның құны осы бағдарламаға қатысушы студенттердің санына байланысты.
Өз қалауы бойынша студенттер тағы бір (үшінші) қосымша жыл оқып, жоғары білім (бакалавр дәрежесін) ала алады. Мұндай жағдайда студенттер «Туризмдегі және кейтерингтегі экономика» мамандығына, Еуропалық Одақ үлгісіндегі дипломға ие болады.

Қосарлы дипломдар және серіктес ЖОО бағдарламаларына прайс-парақ:

 

Студенттер саны    Ағылшын бөлімінде
1 академиялық жыл оқу құны
Орыс бөлімінде
1 академиялық жыл оқу құны

1

1

2700 евро

2500 евро

2

10

2400

2200 евро

3

15

2200 евро

2000 евро

4

20

2000 евро

1800 евро

5

25

1800 евро

1600 евро

6

30

1500 евро

1200 евро

7

40

1300 евро

1100 евро

8

50

1300 АҚШ доллары

1000 АҚШ доллары

9

100 и более

1000 АҚШ доллары

900 АҚШ доллары

 *Көрсетілген құнға оқу материалдары үшін төлемдер, сақтандыру, визалық шығындар, ықтиярхат (ВНЖ) шығындары, ұшып өту, сессия кезінде тұру ақысы кірмейді.

«Оқу + тағылымдама» бағдарламасы

Сондай-ақ, Сіздердің студенттеріңізге Туризм академиясында бір жыл оқығаны туралы сертификат алуды (оқыту нысаны – сырттай және қашықтықтан, 2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың мамырына дейін), сонымен қатар Анталия жағалауындағы ең үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда тағылымдамадан өтуді (2017 жылдың мамырынан 2017 жылғы қыркүйектің соңына дейін) ұсынамыз. Тәжірибе кезінде студенттер тегін жатынжаймен және тамақпен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ ай сайын 300 АҚШ доллары көлемінде еңбекақы алатын болады. Курс аяқталған соң, студенттер оқудан және тағылымдамадан өткені туралы сертификат алады.

Академияда төмендегідей оқу + тағылымдама бағдарламалары бар:

•    бір жыл оқу (күндіз/сырттай) + тағылымдама - 3200 евро;
•    семестр (яғни оқытуды екінші семестрден бастаймыз) + тағылымдама - 1800 евро;
•    тағылымдама + бір жыл оқу (күндіз/сырттай) + тағылымдама - 3700 евро.

Оқыту дәрістері орыс тілінде де, ағылшын тілінде де жүргізілуі мүмкін. Тағылымдама кезінде студенттер тегін тұрады, тегін тамақтанады және ең кемі 300 АҚШ доллары көлемінде еңбекақы алады. Мұндай бағдарламалар жөніндегі толығырақ ақпаратпен төменде таныса аласыздар:

 

«Қонақжайлық менеджменті және туризм» 9,5  айлық бағдарламасы  
3,5  ай оқу + 6 ай тағылымдама

3,5 ай оқу + 6 ай тағылымдама бағдарламасы – қонақжайлық индустриясындағы менеджмент негіздерін үйренудің және ең үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда тәжірибелік машықтарды дамытудың керемет мүмкіндігі. Тағылымдамалар Түркияның Анталиялық жағалауындағы үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда өтеді.

Курстардың басталатын күні:  
2016 жылдың 1 ақпанынан 2016 жылдың 18 мамырына дейін - оқу
2016 жылдың 19 мамырынан 2016 жылдың 30 қазанына дейін - Анталия аймағындағы қонақүйлерде тағылымдама

Бағдарламаның мазмұны:

•    Фронт-кеңсе;
•    Әкімшілік-шаруашылық басқару;
•    Қонақжайлық индустриясындағы технологиялар;
•    Қонақжайлық индустриясындағы маркетинг;
•    Түрік тілі;
•    Орыс тілі;
•    Тағылымдама .

Аудиторлық сағаттардың жалпы саны - 288 сағат

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар:
Жас мөлшері – 18-24 жас
Білімі: толық орта

Қажетті құжаттар:

•    Төлқұжат көшірмесі (скан);
•    3 сурет 3*4;
•    Сауалнама;
•    Өтініш;
•    Білімі туралы құжат. 

Курстың құны: 1800 евро

Тыңдаушылар курс аяқталған соң мынадай құжаттарға ие болады:

•    Анталиядағы Туризм академиясының Сертификаты;
•    Әрбір өтілген модульдер бойынша АҚШ Қонақүйлер қауымдастығы Білім беру Институтының Сертификаты;
•    5-жұлдызды қонақүйден тағылымдамадан өткені туралы Сертификат.

 

«Қонақжайлық менеджменті және туризм» жартыжылдық бағдарламасы
Тағылымдама + 6 ай оқу + тағылымдама

6 ай оқу + 12 ай тағылымдама бағдарламасы  - қонақжайлық индустриясындағы менеджмент негіздерін үйренудің және ең үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда тәжірибелік машықтарды дамытудың керемет мүмкіндігі. Тағылымдамалар Түркияның Анталиялық жағалауындағы үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда өтеді.

Курстарды өткізу мерзімдері:

•    2016 жылдың 18 мамыры  – 2016 жылдың 15 қазаны – 1 тағылымдама;
•    2016 жылдың 1 қазаны  – 2017 жылдың 17 мамыры  – оқу;
•    2017 жылдың 18 мамыры – 2017 жылдың 30 қазаны – 2 тағылымдама.

Бағдарламаның мазмұны:

•    Фронт-кеңсе;
•    Әкімшілік-шаруашылық басқару;
•    Қонақжайлық индстриясындағы технологиялар;
•    Қонақжайлық индустриясындағы маркетинг; 
•    Қонақжайлық индустриясы;
•    Тамақтандыру қауіпсіздігі;
•    F&B бөлімінің қызметі;
•    Түрік тілі;
•    Орыс тілі;
•    2 тағылымдама.

Аудиторлық сағаттардың жалпы саны  – 576 сағат

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар:

Жас мөлшері – 18-24 жас
Білімі: толық орта

Қажетті құжаттар:

•    Төлқұжат (сканерленген көшірмесі);
•    3 сурет 3*4;
•    Сауалнама;
•    Өтініш;
•    Білімі туралы құжат .

Курстың құны: 3700 евро

Тыңдаушылар курстар аяқталған соң мынадай құжаттарға ие болады:

•    Анталиядағы Туризм академиясының Сертификаты
•    Әрбір өтілген модульдер бойынша АҚШ Қонақүйлер қауымдастығы Білім беру Институтының Сертификаты
•    5-жұлдызды қонақүйден тағылымдамадан өткені туралы Сертификат.

 

Қонақжайлық индустриясы және туризм» жылдық бағдарламасы
6 ай оқу + 6 ай тағылымдама

6 ай оқу + 6 ай тағылымдама бағдарламасы  - қонақжайлық индустриясындағы менеджмент негіздерін үйренудің және ең үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда тәжірибелік машықтарды дамытудың керемет мүмкіндігі. Тағылымдамалар Түркияның Анталиялық жағалауындағы үздік қонақүйлер мен мейрамханаларда өтеді.

Бағдарламаның мерзімдері:

•    2016 жылдың 15 қазанынан 2017 жылдың 18 мамырына дейін – оқу;
•    2017 жылдың 18 мамырынан 2017 жылдың 15 қазанына дейін – қонақүйлерде тағылымдама .

Бағдарламаның мазмұны:

•    Фронт-кеңсе;
•    Әкімшілік-шарашылық басқару;
•    Қонақжайлық индустриясындағы технологиялар;
•    Қонақжайлық индустриясындағы маркетинг;
•    Қонақжайлық индустриясы;
•    Тамақтандыру қауіпсіздігі;
•    F&B бөлімінің қызметі;
•    Түрік тілі;
•    Орыс тілі;
•    Тағылымдама .

Аудиторлық сағаттардың жалпы саны  - 576 сағат

Қажетті құжаттар:

•    Төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
•    3 сурет 3*4;
•    Сауалнама;
•    Өтініш;
•    Білімі туралы құжат.

Курстың құны: 3200 евро

Тыңдаушылар курс аяқталған соң мыналарға ие болады:

•    Анталиядағы Туризм академиясының Сертификаты;
•    Әрбір өтілген модульдер бойынша АҚШ Қонақүйлер қауымдастығы Білім беру Институтының Сертификаты;
•    5-жұлдызды қонақүйден тағылымдамадан өткені туралы Сертификат.


Толығырақ ақпаратты сіздер www.antcol.ru сілтемесі арқылы да таба аласыздар

+7 (727) 350 53 56 – Қазақстандағы өкілдер;

+7 (725) 233 77 77 – Мирас университеті – Жанар – Шымкент қаласындағы өкіл. Сіздердің сауалдарыңызға әрдайым қуана жауап береміз

«Жаздық курстар 2016» бағдарламасы

Ынтымақтастық шеңберінде Анталияда Халықаралық Туризм Академиясы жанындағы жазғы лагерь оқушыларға және педагогтарға арналған ағылшын тілінің жеделдетілген курсын өткізеді.

Оқушыларға арналған ағылшын тілі курсы:

  • Бірегей бағдарлама;
  • Тіл ортасына бату;
  • Оқытушылар – тіл тасушылары;
  • Баланың шығармашылық қабілетін дамыту;
  • Қолжетімді құны;
  • Қауіпсіздігі.

Оқытушыларға арналған ағылшын тілі курсы:

  • ағылшын тілінің қарқынды курсы;
  • ағылшын тілін оқытудың соңғы әдістемелерімен танысу;
  • шетел тілдерінде пәндерді оқыту әдістемелерімен танысу;
  • Түркиядағы білім беру жүйесімен танысу.

Қосымша:

  • неміс және түрк тілдерінің курсы;
  • Түркиядағы туризм және жеке бизнес индустриясымен  танысу;
  • түрік мектептерімен қарым-қатынас;
  • дизайн, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер;
  • хореография (вальс, чача, самбо, танго);
  • каратэ, таеквандо сабақтары;
  • жүзуге үйрету.

Және тағы...

  • ойын-сауық іс-шаралары;
  • экскурсиялар;
  • шопинг-турлар.

Халықаралық ортада болу, тіл тасушыларымен тілдесу және көңілді тренингтер көкшіл теңіздің жағалауында демалысты қатар қолдануға мүмкіндік береді. Бірегей бағдарлама баланы ағылшын және тілегі бойынша түрік пен неміс тілдерін оқу арқылы еркін тіл атмосферасына «батыруға» көмектеседі. Балаларыңызға жазды мәдениет пен өнердің шығармашылық атмосферасында өткізуге және тіл тәжірибесін алуға мүмкіндік беріңіз.

Келіп-кету мерзімі 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 – 4 аптаға:

  • 01/07/2016
  • 08/07/2016
  • 15/07/2016
  • 22/07/2016
  • 29/07/2016
  • 05/08/2016
  • 12/08/2016
  • 19/08/2016

Құны – тәулігіне 30 USD. Ең аз келіп-кетуі – 7 тәулік. 15 адамнан басталған топтар үшін чартерлердің ұшу графигіне байланысты басқа келіп-кетулер мүмкін болады. Құнына хостелде тұру, 3-мәртелік тамақтану, ойық-сауық бағдарламасы, ағылшын тілі курсы (күніне 4 сағат) кіреді.
10 адамнан басталған топтар үшін тұруы, тамақтануы, ағылшын тілі курсы топ жетекшісі үшін тегін.

 

Joomla Plugins