Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Бейбіт елдің жастары бейбітшілікке үндейді» атты тақырыпта пікірсайыс өткізу

24.10.2020ж сағат 14:30 Мирас университетінің «Интеллектум» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Бейбіт елдің жастары бейбітшілікке үндейді» атты тақырыбында ZOOM платформасында  пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыс барысында қашықтықтан оқу кезіндегі білім сапасының жақсарту мен әлеуметтік желілердің пайдасы және зияны туралы мәселелер қозғалды.

Пікірсайыс АПФ және ЛД форматында өтті.

Мирас Университеті студенттерінің «Volunteеr is process» волонтерлік тренингке қатысуы

2020 жылдың 13 мен 15 қазан аралығында «Volunteеr is process» жобасы аясында «Мирас» университетінің еріктілері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері Шымкенттегі «Jas Otan» ЖҚ қалалық филиалында жастардың еріктілік бағдарламасына қатысты.

«Birgemiz:Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша оқыту

14 қазан 2020 жылы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында «Birgemiz:Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді және де Мирас университетінен 10-ға жуық еріктілер қатыстып, марапатталды. Өрт сөндірушілер өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі және өрт кезінде бейтаныс адамдарға көмектесе білу туралы дәріс оқыды.

«Екінші ұстаз» тақырыбында семинар

2020 жылдың 21 қарашасында онлайн режимінде қазақ тілі мен әдебиеті секторының аға оқытушысы Тажибаева Ж.Ш. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттерімен «Екінші мұғалім» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – студенттерді әл-Фарабидің ғылыми мұрасының көп қырлы қызметі мен өмірімен таныстыру.

Семинарда топ студенттері белсенді қатысты, өз сөздерінде әл-Фарабидің жеке тұлға, данышпан ретінде әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы, шығармаларының мағынасын, оның әртүрлі мәдениеттердің жақындасуына әсерін ашты.

«Елдіктің бастауы» атты документальды фильмін талқылау

23.11.2020 жылы «Мирас» университеті ІТ және телекоммуникациялар секторының магистр, аға оқытушысы Алимбекова А.Т. «IT технологиялар және бағдарламалау» мамандығының 1 курс студенттерімен бірге жоспарға сәйкес «Елдіктің бастауы» документальды фильмін қарап, талқылау жүргізді. Фильмді талқылау онлайн форматта өтті. Алимбекова А.Т. «Елдіктің бастауы» документальды фильмінің негізгі мазмұнын ашып, Елбасы, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан үшін қосқан үлесін және жасаған еңбектерін айтып берді. Студенттер белсене қатысып, фильм туралы өз ойларын білдірді.  

Тәлімгерлік сағат - «Тәуелсіздіктің 7 қыры: өркендеу жолы» деректі фильмін қарау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету жөніндегі іс- шараларды өткізу шеңберінде «ІТ және телекоммуникация» секторының тәлімгерлік сағатында «Тәуелсіздіктің 7 қыры: өркендеуге жол» деректі фильмін көрсету ұйымдастырылды.

Фильмнің мазмұны беделді спикерлердің - белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, Елбасының елдің дамуына қатысты күрделі саяси шешімдер қабылдауының куәгерлерінің естеліктері мен пікірлеріне негізделген. Сондай-ақ тарихшылармен, саясаттанушылармен, экономистермен сұхбаттар жасалған. Оқиғаға сәйкес фотосурет, бейне тізбегі (архивтік және заманауи материал негізінде) қарастырылды.

«Тәуелсіздік тірегі – төл теңге» тақырыбында ашық тақырыптық сағат

13.11.2020 сағат: 09-30 ZOOM форматында "Мирас" университетінің БФ-911 к-1, к-2, к-3, к-4, к-5, к-6, к-7 топтарының студенттерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Тәуелсіздік тірегі – төл теңге" тақырыбында ашық тақырыптық сағат өткізілді.

Іс - шараның мақсаты- студенттерді тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен толық таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс

12.11.2020 жылы құқық секторының магистрі, аға оқытушы Алтаева М. О. онлайн режимде 1 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік аппарат жүйесін реформалауды анықтау және мемлекеттік аппараттың жаңа реформалары туралы Қазақстан Республикасы  Президентінің жолдауын талқылау болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңдағы құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс

20.11.2020 жылы құқық секторының магистр, аға оқытушысы Алтаева М.О. «Мирас» университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының жоспары бойынша «Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңдағы құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс «Құқық» мамандығының 1 курс туденттеріне онлайн режимде өтті.

Бұл дәрістің мақсаты қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау болып табылады.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...