Шымкент қаласының тұрғындарына арналған әлеуметтік-оқыту орталығы

Мирас университетінің 1 мамыр-10 мекенжайындағы корпусында Шымкент қаласының тұрғындарына арналған әлеуметтік-оқыту орталығы жұмыс істейді.

Мирас университетімен серіктестік аясында, орталықтың базасында төмендегідей қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдар өз қызметтерін жүзеге асыруда:

  1. «Шымкент қ. «ТЕШ» ағылшын тілі мұғалімдері» қоғамдық бірлестігі.
  2. «ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығы.

ОҚО бойынша туризмді дамыту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру. Шетелдік қатысушыларды тарта отырып, бұқаралық шараларды ұйымдастыру. ОҚО әкімдігімен бірлесе аймақтық деңгейдегі ірі туристік жобаларды жүзеге асыру.

  1. Сары Арқа компаниялар тобы.

Негізгі қызмет түрі – Шымкент қаласының тұрғындарына арналған даярлық кәсіби-бағдарлаушы курстарды ұйымдастыру және өткізу. Курстардың мақсаты: жұмыссыз азаматтардың кәсіби машықтарының деңгейін арттыру жолымен олардың жұмысқа орналасуын ынталандыру.

  1. Заңды тұлғаларды «KazTEA» ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы нысанында біріктіру.

«KazTEA» ЗТБ Ақтөбе, Көкшетау, Тараз, Қызылорда және Шымкент қалаларындағы 5 қоғамдық ұйымдарды біріктіретін кәсіби ұйым болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты Қазақстанның ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты, зерттеушілік жұмыстарды, ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының кәсіби негіздегі ынтымақтастығынан бөлек, Қауымдастық қызметінің мәні ҚР білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ағылшын тілін оқыту саласына қатысты қаулылар мен шешімдерді қабылдау кезінде ҚР Білім және ғылым  министрлігімен, Білім беру басқармаларымен, қалалық және облыстық әкімдіктердің жанындағы Жастар саясаты департаменттерімен әрекеттестікте бірлесе үйлестірілген әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. 

Өз мақсатына қол жеткізу үшін 1999 жылдан бері қоғамдық ұйымдар жер-жерлерде ғылыми-практикалық конференциялар, әдістемелік семинарлар, тренингтер, тілдік жазғы лагерьлерді ұйымдастыруда; жалпы білім беру және кәсіби бағдарламалар бойынша білім беру, әдістемелік және кеңес беру қызметтерін жүзеге асыруда; ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинақтарын, газеттерді жарыққа шығаруда; өз жобаларын іске асыруда және Британ Кеңесінің, АҚШ Елшілігінің халықаралық білім беру жобаларына қатысуда; ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында оқу-әдістемелік ақпараттарды таратуда.

  1. «Алияр» балалар дамыту орталығы. www.aliar-ucmas.kz

«Алиар» ерте жаста дамыту орталығында сіз өз балаңызды оқуға және жазуға үйретіп, ағылшын тілін меңгерте аласыз, күш-қуатын жетілдіре аласыз. Орталықта білікті, шығармашыл және тәжірибелі педагогтар жұмыс істейді. Орталықтың педагогтары баланы оқытудың мазмұнын емес, әдісін өзгертуді ұсынады. Ең бастапқыдағы ата-ана мен орталық мұғалімдерінің міндеті – баланың ақыл-ой әлеуетін дамытуға күшті серпін беру. Бастысы, баланың өмірі мен әлеміндегі қуанышты сәттер көбеюі үшін оның шексіз әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту керек. Балаларды ойлау, бағалау, қабылдау қабілеттерін дамытуға үйретеді. «Алиар» ерте жаста дамыту орталығы мынадай бағдарламаларды іске асырады:

«Babyclub» ерте жаста және жалпы дамыту бағдарламасы.

Ментальды арифметика бойынша халықаралық бағдарлама.

UC MAS(Universal Concept of Mental Arithmetic System)

Тілдерді үйрету жөніндегі қосымша бағдарламалар, шығармашалықты дамыту, балалар фитнесі және хореография бойынша авторлық бағдарламалар.

  1. Dance studio GK. https://www.instagram.com/mega_dance_studio_gk

Қаланың танымал би ұжымы.

Балаларды оқытады, байқаулар мен есептік концерттерді ұйымдастырады.

  1. TOEFL iBT даярлық орталығы.
  2. Work & travel – Owlwin бағдарламасына қатысуға даярлау орталығы.