Құрметті студент!
Сіз өзіңізбен байланысу мәліметтерін қалдырмағандықтан, толық ақпарат алу үшін Студенттерге қызмет көрсету орталығына баруыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» №19 бұйрығының негізінде:
«3. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарастырады. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастыратынын» Сізге хабарлаймыз.
Сіз көрсетілген мерзімде өтініш жаза аласыз.